Жаңалық

ІІІ маусым

Ендігі кезең – дауыс беру кезеңі

Республикамызда 2017 жылдан бастау алған «100 жаңа есім» жобасының биылғы маусымына өтінім қабылдау 1 қазан күні басталған болатын. Бүгінде 100janaesim.ruh.kz сайтына көптеген өтінім хаттар түсіп үлгерді. Бұл қазақстандықтардың арасында белсенді, қоғам үшін пайдалы қызмет атқарып жүрген азаматтардың көптігін көрсетеді. Спорт, ғылым, қоғам, мәдениет, бизнес, медицина салалары бойынша өтінім хат жіберген 39 жасқа дейінгі жастардың көптігі қуантарлық жағдай.

Жобаға қатысушылар назарына, «100 жаңа есім» жобасының III маусымына өтінім қабылдау уақыты аяқталды. Соңғы өтінім хаттар 31 қазанның 00:00 уақытына дейін қабылданғанын айта кетелік. Қатысушыларға дауыс беру уақыты 5 қарашадан басталады.

Қоғамның кез келген саласын еркін бағындырып, толағай табыстарымен дараланған жастардың ел назарында болуы, өскелең ұрпаққа үлгі бола алуы басты міндет.

Аталмыш шараға қатысуға ынта білдірген, қатысқан, жеңген һәм жеңетін ел азаматтарына редакция тарабынан алғыс айтамыз! Жеңісті күндеріңіз көп болғай!

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button