Жаңалық

«ӘлемТалантStars»

Іс-шараның негізгі мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде» арнайы жобасында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру, халықаралық, өңірлік байланысты күшейту және жасөспірімдердің әлеуметтік белсенділігі, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту.

Рухани жаңғыру бағдарламасының «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы аясында Ақтөбеде 1-4 қараша аралығында «ӘлемТалантStars» III Халықаралық шығармашылық байқау-фестивалі өтті. Оған Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия және Ресейден 5-50 жас аралығындағы 700-ге жуық өнерпаздар қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде» арнайы жобасында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру, халықаралық, өңірлік байланысты күшейту және жасөспірімдердің әлеуметтік белсенділігі, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту. Байқауға қатысатын әр баланың ерекше жеке шығармашылық әлеуетін қалыптастыру әрі талантын ашуға көмек және қолдау көрсету. Қазақстандық балалардың үлкен сахнаға шығып, танылуы. Дарынды бүлдіршіндердің шығармашылықтарын жаңа деңгейге көтеру.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: «Talant studio» Шығармашылық орталығы.
Жоба серіктесі: «Caspi Art» халықаралық өнер байқауы (Түркия)

Фестивальге Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия, Ресей елдерінен 5 -50 жас аралығындағы өнерпаздар, қазылар алқасы, қала тұрғындары және қонақтары, БАҚ өкілдері келіп қатысты.
700-ге жуық өнерпаздар қатысып, олар: вокал, хореография, музыкалық аспап, сурет салу, көркем сөз, театралды өнер, ым-ишара номинациялары бойынша бақ сынасты.

Әділқазы алқасы құрамы:
Эйюбов Ильгар Натиг оглу – Чукурова Университеті жанындағы Мемлекеттік консерваторияның хор Дирижеры, «Үрмелі және Соқпалы аспаптар» кафедрасының «Кларнет» классы оқытушысы. (Адана, Түркия).
Ахмедова Айтен Надир кызы – Әзірбайжан ұлттық консерваториясы жанындағы өнер гимназиясының директоры, фортепиано бойынша педагог.
Марат Айтимов – ҚР енбек сіңірген қайраткерi, мәдениет саласының үздігі;
Дина Ниязова – музыкант, Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының көркемдік жетекшісі, ҚР мәдениет саласының үздігі.

Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Сондықтан да осындай байқаулар баланың бойындағы талантын анықтап, дұрыс бағытқа бұруға көмегін тигізеді.

Төрт күнге созылған байқаудың әр күні шығармашылық номинацияллар бойынша бөлінді. Бірінші күн «Вокал» номинациясына, екінші күн Көркем сөз, үшінші күн музыкалық шеберлік, төртінші күн «Хореография» және театр өнері номинациясына арналды.

Байқау нәтижесі бойынша келесі қатысушылар дипломмен марапатталды:
– хореография бойынша: «Русский сувенир» ансамблі (9-13 жас) Ақтөбе; «Қазына» ансамблі (9-10 жас) № 24 лингвистикалық мектеп –гимназия (Ақтөбе).
– Фортепиано бойынша: Мамедов Тогрул 12 жаста (Әзірбайжан, Баку); Алиева Нурана 13 жаста (Әзірбайжан, Баку).
– Кларнет: Эйюбов Мехди 19 жаста (Түркия, Адана)
– Баян: Мурзогиреев Расул, 20 жас (Орал, муз колледжі)
– Қобыз: Нысан Әнжан 17 жаста (Орал, муз колледжі)
– Вокал: Аққұлов Айдар 11 жас (Ақтөбе, 14 мектеп)
– Көркем оқу: Қалатаева Іңкәр 9 жаста (Қандыағаш)

Марат Әйтімовтың арнайы сыйлығын 13 жастағы Ақтөбе қалалық оқушылар сарайының қатысушысы Қайыров Аян жеңіп алды.

Жоба нәтижесінде барлық жеңімпаздар халықаралық онлайн-конкурсқа, Солтүстік Кипрдегі Халықаралық балалар шығармашылығы байқауына, 2020 жылғы мамыр айында тегін қатысуға сертификаттар алды және оларды «Дара бала» республикалық журналына тегін басып шығарады.

Ақтөбе облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button