Жаңалық

ІІІ маусым. ІІ кезең.

Дауыс беру уақыты қашанға дейін? Қалай дауыс беруге болады?

Алдыңғы мақаламызда «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы аяқталғанын айттық. Жобаға ұзынды-қысқалы 1690 өтінім келіп түскенін мақтана айта аламыз. Еліміздегі 39 жасқа дейінгі белсенді азаматтар саны бұнымен шектелмейтіні тағы рас.

Бүгін, яғни 05 қараша күні «100 жаңа есім» жобасының ІІІ маусымының дауыс беру кезеңі басталды. Дауыс беру кезеңі 20 қарашаға дейін жалғаспақ.

Қазақстандық жас кәсіпкерлер арасынан – 133 адам, ақ халатты абзал жастардан – 109 адам, мәдениет жастарынан – 377 адам, қоғам белсенділерінен – 318 адам, салауатты өмір салтын ұстанатын – 414 адам, ғылым-білім жолында еңбек етіп жүрген – 336 адам, және т.б. қазақстандық жастың және Қытай мен Ресейдегі қазақ жастарының өтінімі қабылданды.

Жас та болса біршама жетістіктерге жеткен замандастарымызды қолдауға, дауыс беруге, жеңімпазды анықтауға атсалуға шақырамын. Ел білуі керек деп есептейтін қыз-жігіттерді, «Қазақстанның 100 жаңа есімін» бірге анықталық!

Қалай дауыс беру керек?

https://100janaesim.ruh.kz/ сілтемесі арқылы, не кез келген іздеу жүйесі арқылы жобаның негізгі сайтына өтіп, тінтуірді қалаған қатысушыңызға жақындатсаңыз «дауыс беру» тетігі шығады. Сол тетікті бір рет басу арқылы сіз анкетаға өте аласыз. Анкетаның (қатысушы фотосының) астында тұрған «дауыс беру» тетігін тағы басқан соң, жүйе сіздің электронды мекен-жайыңызды сұрайды. Электронды мекен-жайды енгізу арқылы құпия код ала аласыз. Құпия кодты көрсетілген жерге жазу арқылы сіз қатысушыға дауыс бере аласыз.

Бір адам бір ғана дауыс бере алады.

«Дауыс беру» – «дауыс беру» – «электронды мекен-жайды енгізу» – «құпия кодты жазу»

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button