Жаңалық

Қостанайда облыстық әдістемелік семинар өтті

Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының міндеттерін іске асыру бойынша облыстық әдістемелік семинар өтті.

Бүгін Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының міндеттерін іске асыру бойынша облыстық әдістемелік семинар өтті.

 

Кіріспе сөзімен «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы Байменова Зәуре Әнуарбекқызы іс-шараны ашты.
Қостанай облысының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Әбдібеков Нұрбек Елікбайұлы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының тұжырымдамалық негіздері туралы және бағдарлама бойынша есептілікті іске асыру және ұсыну бөлігінде мемлекеттік органдардың өзара тиімді іс-қимылы туралы айтты.

Семинардың жалғасында «Sanaly Urpaq-2050» ҚҚ төрағасы Манасбаев Серік Шотбайұлы әлеуметтік желілерде «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын ілгерілету құралдары жөнінде сөйледі.
ҚР АҚДМ ҚҚДИ КЕАҚ «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Бұқанова Жанар Қалиханқызы 2020 жылға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың негізгі индикаторлары мен басымдықтары туралы баяндады.

WhatsApp Image 2019-11-07 at 13.22.25 (3).jpeg
Семинар қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын тиімді іске асыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар, «Рухани жаңғыру» өңірлік кеңселері үшін өткізілді.
Ұйымдастырушылары: «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ және «Sanaly Urpaq-2050» ҚҚ.

Қостанай облысы,
«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button