Жаңалық

Қазақстан этностары

Іс-шараның мақсаты – қоғамдық бірлік пен ұлтаралық келісім идеяларын кеңінен насихаттау, тарихи сананы қалыптастыру арқылы ұлттық кодты сақтау, «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» қағидаты бойынша біріктіруші факторларды іздеу.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ бірлесуімен «Қазақстан этностары: еліміздің дамуына қосқан үлестері. Біз біргеміз» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті қатысуға шақырады.

Іс-шараның мақсаты – қоғамдық бірлік пен ұлтаралық келісім идеяларын кеңінен насихаттау, тарихи сананы қалыптастыру арқылы ұлттық кодты сақтау, «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» қағидаты бойынша біріктіруші факторларды іздеу.

Іс-шара аясында «Қазақстан этностарының Қазақстан халқының ортақ тарихи және мәдени мұрасына қосқан үлесін зерттеу» зерттеу жұмысының нәтижелері ел дамуына елеулі үлес қосқан 50 көрнекті тұлғадан тұратын бірегей мәліметтер базасы түрінде ұсынылды.

Олардың арасында композитор, қазақ музыкалық өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақ КСР халық әртісі, профессор, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Брусиловский Евгений Григорьевич, аңызға айналған фольклорист, этнограф, композитор және Қазақ КСР халық әртісі Затаевич Александр Викторович секілді белгілі тұлғалар бар.

Конференцияға Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институтының» КЕАҚ Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев, тарих ғылымы және этнология, этносаралық қатынастар, саяси зерттеулер, мұрағаттау салаларындағы жетекші мамандар қатысты.

Сондай-ақ ҚР Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының, «Қоғамдық келісім» ҚМУ, этномәдени бірлестіктердің және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

 

 

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button