Жаңалық

БАНК саласы терминдері талқыланды

Онлайн-семинарда банк саласы терминдерінің сәтті, сәтсіз баламалары, олардың ұлттық таным мен мәдениетке сай аударылуы, банк саласы терминдерін бірізге түсіру және оларды жетiлдiру мәселелері ортаға салынды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылғы 12 қарашада termincom.kz сайтындағы электрондық алаңда онлайн-семинар өткізіп, онда «Банк терминдерін аудару барысындағы қордаланған мәселелер» тақырыбын талқылады.

Тermincom.kz сайтында өткен онлайн-семинарда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ұйымдастыру жұмысы және бақылау департаменті Мемлекеттік тілді дамыту және аударма басқармасы бастығының орынбасары Сайран Қарлыбайқызы Серімбетова «Банк, қаржы салаларындағы терминдер бірізділігі мәселесі» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамашының талдау жұмыстарына қатысты мәдениеттанушы Серік Әбдірешұлы Ерғали және Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Қолданбалы лингвистика басқармасының жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Бақытгүл Дәуітбекқызы Ысқақ ұсыныс-пікірлерін білдірді.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button