Жаңалық

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

«2ГИС.Нур-Султан» халықаралық компаниясының қосымшасында астананың мәдени ескерткіштері жарияланды

«Қазақстанның сакралды географиясы» жобасының жүзеге асырылуы аясында жалпы республика бойынша 700-ге жуық сакралды нысан анықталып, жұмыс жасалуда. Нұр-Сұлтан қаласында С. Сейфуллин атындағы музей, XIX ғасырда салынған гимназия, Василий Кубринның үйі, мұсылман мектебінің ғимараты, «Бәйтерек» монументы «Мәңгілік ел» монументы сияқты нысандар ерекше қызығушылық тудыруда.

Осыған байланысты «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты мен «2ГИС.Нур-Султан» халықаралық компаниясының арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Енді Нұр-Сұлтан қаласының сакралды нысандарын 2ГИС-те табуға болады. Астананың 18 сақралды нысаны картаға енгізіліп, ол жерде табиғи, тарихи және өзге де маңызды нысандар жөнінде ақпарат жарияланып отыр. «Қызықты жерлер» атты бөлімді таңдап, ол жерден нысандар туралы ақпаратпен қатар, фотосуреттерді, пайдаланушылардың пікірлерін де көруге болады.

Меморандумға қол қою барысында «Рухани жаңғыру» КЕАҚ Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев сакралды нысандардың ірі картографиялық компаниялардың қосымшасына енгізілуі халықтың арасында бұл нысандарға деген қызығушылықты арттыратындығын, еліміздің туристік потенциалының артатындығын атап өтті.

«2ГИС.Нур-Султан» компаниясының басшысы Андрей Судаковтың айтуынша, егер пайдаланушылар кейбір жаңа сакралды нысандардың картада жоқ екендігін анықтаса, қолдау қызметіне хабарласса, бұл нысандар тез арада картаға енгізіледі. Бұл біздің еліміздің мәдени мұрасына қосқан үлесіміз болмақ. Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» КЕАҚ жуық арада мұндай меморандумдарға Алматы мен Шымкент қаласында да қол қоймақ.

Басқа материалдар

Back to top button