Жаңалық

«Жеті рухани қазық»

«Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі»

Қайырымды қала – Шымкентте Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты аймақтық имамдар форумы өтті.

Форумға ҚМБД Төрағасы, Бас муфти Серікбай қажы Ораз, Шымкент қаласының әкімі Ерлан Қуанышұлы Айтаханов және қала имамдары, сонымен бірге Алматы, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облысының бас имамдары мен өңірдегі дін қызметкерлері қатысты.

Серікбай қажы Ораз, бас мүфти: «Республикалық имамдар форумында Қазақстан мұсылмандарының «Рухани жеті қазық» тұғырнамасы тәлімдік құжаты қабылданды. Бүгінгі жиын имандылық, отаншылдық, еңбекқорлық, мәдениеттілік, ауызбіршілік, білімділік, әділеттілік сынды жеті ұстынды арқау еткен құжатты жамағатқа насихаттаудың сәтті сабақтастығы».

800 дін қызметкерінің басын қосқан жиында ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» Тұғырнамасы насихатталып, мұсылман жамағатын қоғамға пайдалы болуға, отансүйгіштікке, ізгілікке, бірлікке, мейірімділікке тәрбиелейтін адамгергершілік құндылықтарына үндеу жасалды.

Шымкент қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button