Жаңалық

«Отан тарихындағы тұлғалардың рөлі»

«Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру аясында Отан тарихындағы тұлғалардың рөлі» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның қарары

2019 жылы 19 қарашада «Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында ҚР БҒМ Fылым Kомитетінің қолдауымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру аясында Отан тарихындағы тұлғалардың рөлі» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті. Конференцияда «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы аясында ұйымдастырылған «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасын өзектілендіру, іріктеудің ғылыми негізделген өлшемдерін әзірлеу және ақпараттық сүйемелдеу бойынша талдамалық зерттеу жасалды.

Конференцияда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекшілігімен жүргізілген тарих ғылымы, этнология, лингвистика, мұражай ісі, журналистика және т.б. саласындағы жетекші мамандардан тұратын академиялық жұмыс тобының жасаған негізгі жұмыстарының нәтижелері талқыланды. Жобаны жүзеге асыруда жоғарыда аталған бас институтпен бірге қосымша түрде (өз қызметкерлері арқылы) Мемлекет тарихы институты, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, академик Қ.И. Сәтпаевтың мемориалдық мұражайы және т.б. сияқты жетекші ғылыми-зерттеу мекемелері мен жоғарғы оқу орындары ҚР БҒМ Ғылым комитетінің тікелей бақылауымен қатысқаны атап өтілді.

Пленарлық отырыс барысында Ресей Федерациясының Қасымов қаласында Ораз-Мұхаммедтің (1571-1610 жж.) құрметіне мемориалдық тастың (Құлпытас) ресми ашылуының бейнесюжеты көрсетілді. Сонымен қатар конференция аясында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және М.В. Ломоносов атындағы ММУ-нің Қазақстан филиалы арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды (З.Е. Қабылдинов және А.И. Оразбаева).

Қазақ халқының ұлттық бірегейлігін нығайту аясында Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында атақты тарихи тұлғаларымыздың құрметіне ашық аспан астында ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу керек екенін айтты.

Осы жобаны дайындау аясында институт ғалымдарының күшімен Нұр-Сұлтан қаласында «Ұлы даланың ұлы есімдері» оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын құру тұжырымдамасы дайындалып, кәсіби тұрғыда жасалған критерийлерге сай ғылыми негізделген ұлы есімдер тізімі жасалды және «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты мультимедиялық веб-портал дайындалды. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты жобаның нәтижелерін талқылау бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Түркістан қалаларында бірнеше дөңгелек үстелдер өткізілді.

Ұлы даланың ұлы тұлғалары туралы зерттеуді жалғастырудың маңыздылығын ескере отырып, конференцияға қатысушылар төмендегі қарарды қабылдады:

1. Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру аясында Отан тарихындағы тұлғалардың рөлін талқылауға арналған халықаралық конференцияның нәтижелерін қанағаттанарлық деп танып, конференция материалдарын жариялауға ұсынылсын.

2. Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру бағытында бейінді ҒЗИ, ЖОО, ҒЗО бірқатар ғылыми-практикалық іс-шаралар өткізіп, ұлықтау мақсатында баспасөз ақпарат құралдарында жарияланымдар дайындалсын.

3. ҒЗИ, ЖОО, мемлекеттік ұйымдар Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтына «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-білім беру энциклопедиялық саябағын құру тұжырымдамасы және «Ұлы даланың ұлы есімдері» Тізімі, «Ұлы даланың ұлы есімдері» мультимедиялық веб-порталына қатысты ұсыныстар жіберсін.

4. Ғалымдар қауымдастығы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының «Отан тарихы» және халықаралық «edu.e-history.kz» электрондық журналдарында (ҚР БҒСБК ұсынған) Ұлы дала қайраткерлеріне арналған жарияланымдарды дайындауды күшейтсін.

5. Ғалымдар қауымдастығы Қазақстанның ұлы тұлғаларына арналған ғылыми басылымдарды, яғни монографияларды, құжаттар жинақтарын, оқулықтарды,оқу құралдарын бірлесіп дайындауды күшейтсін.

6. ҒЗИ, ЖОО Ұлы даланың ұлы есімдерін зерттеуге арналған жобаларды дайындау кезінде шетел әріптестерді, соның ішінде таяу және алыс шетелдік бейінді ғылыми ұйымдарды тартсын.

7. ЖОО дипломдық жұмыстар, магистрлік диссертациялар, PhD диссертациялық зерттеулер, арнайы оқу курс тақырыптарында Қазақстан тарихындағы тарихи тұлғалардың рөлін айқындауға деген бағдарлылықты күшейтсін.

Алматы қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button