Жаңалық

Береке басы – бірлік

Қалалық Ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен бугін жастар орталығының ғимаратында «Береке басы – бірлік» атты қоғамдық форум өтті.

Қалалық Ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен бугін жастар орталығының ғимаратында «Береке басы – бірлік» атты қоғамдық форум өтті.

Форумға зиялы қауым өкілдері және қоғам қайраткерлері сондай-ақ жазушы, публицист, профессор, академик Ғарифолла Есім, қоғам қайраткері, академик, профессор, мәдениеттанушы Мырзагелді Кемел шақыртылған екен.

2020 жылғы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы болып бекітілуі қарсаңында терең мәнді мәселелерді көтеріп нақты ұсыныстар қабылдауды мақсат еткен алқалы жиында ел ағалары Шымкенттің қайырымды қала, мегаполис болуы жайлы тың ойларын ортаға салды.

Мегаполистің не екенін көптен зерттеп жүрген Мырзагелді Кемел: «Астана қаласының мәртебесі туралы», «Алматы қаласының мәртебесі» туралы деген екі заң бар. «Шымкент қаласының мәртебесі туралы» Заңды қосып Парламентке ұсыныс жасадық», – деді.

Ал Ғарифолла Есім Шымшаһарға, оның жастарына ерекше беріп, шымкенттіктердің мәртебесін асыра сөйледі.

Ғарифолла Есім, Қазақстанның ұлттық ғылым академиясының академигі, мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор: «Шымкенттен қазақтың даусы, үні, мінезі көрініп тұрады. “Шымкентский” десе Астанада бәрі күледі. Әбу Насыр әл-Фараби шымкентский парень деп едім, зал ду етіп күле түсті. Отырардан деп едім күлмейді. Шымкент – баяғыдан мегаполис. Мұнда тұрғаныңызға мақтанып, қуану керек. Шымкент – дәстүр. Қазақ тілінде 80 пайыз сөйлейтін қала еш жерде жоқ. Сондықтан, шымкенттіктер, мақтана беріңіздер! Біреуге ұнай ма, ұнамай ма, мақтана беріңіздер».

Жанар Бектаева, қалалық Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы: «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып атқарған істер ұшан-теңіз. Әлі де шешімін күтетін қиындықтар мен күрделі түйіндер аз емес. Баршаңызға белгілі, Шымкент шаһары ТМД елдерінің мәдени астанасы болып бекітілді. «Шырайлы Шымкент: Береке басы – бірлік» форумының мақсаты белгілі, міндеті айқын. Форум тұрақты жұмыс істейді. Қажетіне қарай, ұсыныстарға қарай жылына 3-4 рет басқосу ұйымдастырылады».

Сонымен қатар форум аясында қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.

Шымкент қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button