Жаңалық

«Өз еліңді таны» республикалық жастар экспедициясы

Ағымдағы жылдың 18-22 қарашасы аралығында жоба аясында Нұр-Сұлтан мен Ақмола облысының сакралды жерлерін зерттеу мақсатында 5 күндік «Өз еліңді таны» – «Познай свою страну» атты республикалық жастар экспедициясы өтуде.

Қазақстан Республикасы Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстан халқының ортақ құндылықтарын шоғырландыруға бағытталған «Қазақтану» жобасын іске асыруда. «Қазақтану» жобасының басты мақсаты жастарды қазақ халқының құндылықтары, әсіресе тұңғиық тарихын насихаттауға, дәріптеуге кеңінен тарту.

Экспедиция жұмысына Қазақстан Республикасының өңірлерінен жинақталған жалпы саны 180 қатысушы: этномәдени бірлестіктерінің жастар қанатының мүшелері, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелері (моноқалалар, аудан орталықтары мен ауылдардан келген жастарға басымдылық берілді) қатысуда .

Қатысушыларды таңдауда колледждер студенттері мен жас мамандар ауыл жастары Нұр-Сұлтан Алматы, Шымкент, Тараз және Семей, Өскемен, Екібастұз, Степногорск, Теміртау, Қостанай, Балқаш, Рудный, (Лисаковск) сияқты моноқалалардың студенттерін, сондай-ақ Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан, Шығыс-Қазақстан, Батыс-Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе, Түркістан және т.б облыстарының жастарының студенттері басымдыққа ие болды.

Экспедицияның негізгі мақсаты «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын мен Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын іске асыру; Қазақстандық жастар арасында патриотизмді дамыту; Қазақстанның рухани және адамгершілік құндылықтарын, ұлттық мәдени дәстүрлерін насихаттау; Мәдениетаралық, этникаралық және конфессияаралық қарым-қатынастарды үйлестіру. Мәдени алмасуды ұйымдастыру, нығайту және халықаралық және этносаралық қатынастарды байыту.

Экспедиция екі кезеңде өтуде:

Экспедицияның бірінші кезеңі 2019 жылдың 18-19 қарашасында, экспедицияның ашылуы 19 қараша күні Оқушылар сарайында өтті. 19-20 күндері елорданың мұражайларында белгілі ғылым, тарих мәдени қайраткерлерімен, тұлғалармен «Өз еліңді біл!» мотивациялық кездесулері өтті. Кездесу барысында викторина және Қазақстан тарихын білуге арналған квест ойыны ұйымдастырылды. Екі күннің ішінде экскурсия барысында елорданың туристтік және мәдени обьектілерін, оның ішінде, «Астана-Бәйтерек», «Мәңгілік ел», Тәуелсіздік монументі, Хан шатыр, ЕХРО орталығы ғимараты, Елорданың сакралды жерлеріне барумен қатар гидтердің сүйемелдеуімен Бозок және Алжир музейлеріне экскурсия ұйымдастырылды.

 

Экспедицияның ІІ кезеңі 2019 жылдың 20-22 қарашасында Ақмола облысында өтті. Ақмола облысының Бурабай курорттық аймағына ыңғайлы автобустардың көмегімен тасымалданып қатысушылар Бурабай кентіндегі лагерьлердің бірінде орналасты.

3 күн ішінде сакралды, мәдени-тарихи жерлерге және туристік нысандарға сапарлар ұйымдастырылады: Абылай хан алқабы, Оқжетпес тауы, Құмай археологиялық-этнографиялық кешені «Ботай» тарихи-мәдени ескерткіші және басқа да нысандарында археологиялық дәрітстері өтті . Экскурсия барысында өлкетанушылармен, археологтармен және тарихшылармен тақырыптық кездесулер ұйымдастырылды. Кәсіби тарихшылар экспедицияға қатысушылардың кешкі демалысын ұйымдастыруға қатысты.

Іс-шара соңында Экспедиция туралы электронды фотоальбом дайындалады, оған экспедиция барысында қатысушылармен түсірілген ең жақсы фотолар кіреді.

Іс-шараны ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің этносаралық қатынастарды дамыту департаменті, «Алтын Қазына» қоғамдық бірлестігі. Жобаны ұйымдастырушылар экспедиция соңында келесі нәтижелерге қол жеткізеді деген үмітте: ішкі туризм арқылы, жастардың Қазақстан туралы жалпы танымдық білімге ие болуы; түрлі этникалық топ өкілдерінің қазақ халқының тарихы, мәдениеті, дәстүрі мен діні, рухани құндылықтар мен халықтың философиялық, әдеби мәдениетіне, өмір салтына, ойлану және тұрмыс-тіршілігіне толық қанды сіңіруге деген жүйе қалыптастыру; өңірлердің жастары арасында достық және бірлік жағдайын қалыптастыру; «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының жұмысын іргерлетуге, басқа да жастарға қызығушылын арттыруға, қозғалыстың жұмысына жаңа мүшелердің қатарға қосылуына ықпал ету болып табылады.

Нұр-Сұлтан қаласы,

«Алтын Қазына» қоғамдық бірлестігі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button