Жаңалық

«Талас толқындары»

Жамбыл облысының 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «Талас толқындары» І облыстық музыкалық өнер фестивалінің қорытынды Гала-концерті өтті

Жамбыл облысы Тараз қаласында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларын ілгерілету мақсатында Жамбыл облысының 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «Талас толқындары» І облыстық музыкалық өнер фестивалінің қорытынды Гала-концерті өтті. Аталған фестивальге 2019 жыл ішінде өткен Ықылас Дүкенұлы атындағы «Жез киік» облыстық қобызшылар конкурсының, Кенен Әзірбаев атындағы «Шырқа, даусым!» ХІ дәстүрлі әншілер конкурсының, «Би керуені» облыстық хореографиялық ансамбльдер конкурсының, «Жаңарған Жамбылым» облыстық эстрадалық әншілер конкурсы мен «Көне Тараз күмбірі» фольклорлық ансамбльдер конкурсының жеңімпаздары қатысып, өнер көрсетті.

Облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Сәтбекқызы Құрманбекова кеш соңында барша қатысқан өнерпаздарға шығармашылық табыстар тілеп, ансамбльдер мен жетекшілері арнайы дипломдар және алғыс хаттармен марапатталды.

Талантты жастарды қолдап, шығармашылықтарын шыңдауға бағытталған осындай фестивальдер алдағы уақытта жалғасын таппақ.

Жамбыл облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button