Жаңалық

«Бабадан қалған қазынам»

«Бабадан қалған қазынам» атты   қазақ   халық аспаптарының аймақтық фестивалінің мақсаты – мәдени мұрамызды дамыту, аймақтар  арасында мәдени байланысты нығайту мен халық аспаптарда ойнау дәстүрін дәріптеу болды.

25 қараша күні   Әулиекөл ауданында Елбасының   «Рухани жаңғыру»   бағдарламасының «Рухани қазына»   кішібағдарламасы аясында «Бабадан қалған қазынам» атты қазақ   халық аспаптарының аймақтық фестивалі өткізілді. Іс-шараға Қостанай    облысы аймақтары – Алтынсарин ауданы, Наурызым ауданы, Қарасу ауданы, Қамысты ауданы,   Қостанай ауданы және жергілікті әулиекөлдік өнерпаздар қатысты.

«Бабадан қалған қазынам» атты   қазақ   халық аспаптарының аймақтық фестивалінің мақсаты – мәдени мұрамызды дамыту, аймақтар  арасында мәдени байланысты нығайту мен халық аспаптарда ойнау дәстүрін дәріптеу болды.

Аудандық мәдениет үйінде   үздік    көркемөнерпаз     ұжымдары қазақтың музыкалық аспаптарының өзіне тән үнін, орындаушылық дәстүрін ортаға салды. Фестивалдің бірінші кезеңінде ансамбльдер шығармалары орындалды. Ансамбльдегі эстрадалық және қазақ халық аспаптары оркестрі асатаяқ, шаңқобыз,    шылдырмақ көне   аспаптармен толықтырылып, классикалық әуендер мен халық саздарын нақышына келтіре орындады. Қарасу    ауданы      өнер мектебінен келген   «Дала әуені» ансамблі – «Грек композициясы» квартет /Ковалев Василий, Ерембетова Лаура, Бердиярова Наталья, Бердияров Айдар/;   Алтынсарин ауданынан «Ата мұра» ансамблі – Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін орындады, жетекшісі Сахабеден Айбек; Қостанай ауданынан келген «Көк бөрі» этноансамблі – Мұрат Тілеуғабыловтың «Самұрық» күйін жетекшісі   Мұрат Тілеуғабылов; Қамысты ауданынан Әсемгул Губайдуллина – «Перизат» халық әнін орындады;   Әулиекөл ауданы өнер мектебінен «Қазына» этноансамблі «Құрманғазы» күйін орындады, жетекшісі Калиева Айнұр.

Екінші кезеңде осы аймақтардан келген өлкенің өнер саңлақтары топқа түсіп, өздерінің өнерін көрсетті. Қарасу    ауданынан «Илегай» квартеті /Ковалев Василий, Ерембетова Лаура, Бердиярова Наталья, Бердияров Айдар/ ; Алтынсарин ауданынан Диананың «Науаи» күйін – Сахабеден Айбек; Қостанай ауданынан Мурат Тілеуғабылов және Ыбырай Есжанов Қаршыға Ахмедьяров «Күткенде» күйін; Наурызым ауданынан келген Балмекен Шакибаева «Ауылым» халық әнін орындады, Қамысты ауданынан келген Мади Байзақов Майлықожаның «Жігіттерге өсиет» термесін орындаса , Әулиекөл аудандық мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі Алмаз Хамитбеков «Аққу» күйін тамылжыта орындады.

Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жібек Кәкімжанқызы іс-шараға қатысқан барлық өнерпаздарға алғысын айтып, қазақ халқының     ғасырлар бойы жинақталған ұлттық құндылығы, рухани мәдениетімізді жаңғыртуда бұл іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, біздің басты миссиямыз – қазақ елінің ұлттық кодын сақтау, жаңғырту, насихаттау екенін айтты. Мәдениетіміздің ұлылығын   насихаттаушы көркемөнерпаздары бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.

Қостанай облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button