Жаңалық

«Әлемнің рухани жауһарлары»

2019 жылдың қараша айында «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен Қазақ ұлттық педагогикалық қыздар университетінің 1 курс студенттері №9 Студенттер үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша аударылған 49 оқулықтың квест ойындары арқылы таныстырылымын жасады.

2019 жылдың қараша айында «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен Қазақ ұлттық педагогикалық қыздар университетінің 1 курс студенттері №9 Студенттер үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша аударылған 49 оқулықтың квест ойындары арқылы таныстырылымын жасады. Білім алушылар 49 оқулықпен bookcrossing арқылы 1 ай бойы танысты.

Бірнеше күнге созылған таныстырылымның алғашқы күндері студенттер 49 оқулыққа қатысты сұрақтарға тапқырлықпен жауап беріп, оқулықтарды жақсы меңгергендіктерін көрсетті. Квест ойындарының ерекшелігі сонда, әрбір сұрақтың мазмұны мен сипатына қарай жауабы жасырынған жерлер мен сұрақтардың бағыты картаға түсіріліп, сол бойынша келесі сұраққа ауысып отырады. Кітапты қолға түсіру дұрыс жауаппен бағаланады. Ал қыздардың жоғарыда айтылған квест ойындарының сұрақтарына дұрыс жауап беруі – 1 айға созылған bookcrossing жемісі.

49 оқулықтың таныстырылымына арналған квест ойындары әрі қарай жалғасты. Таныстырылым ұйымдастырушысы және модераторы – «Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесінің жауапты үйлестірушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент Г.У. Байташева. Таныстырылым жұмысы университеттің ғылыми кітапханасының директоры Б.Т.Бағашарованың басшылығымен ұйымдастырылған 49 кітаптың көрмесімен көмкерілді. Студенттер кітаптарды баяндау, бейнебаян және сахналық қойылым арқылы таныстыра отырып, әрбір оқулықтың ішкі мазмұнына жеке-жеке тоқталды.
Кітап – сарқылмас рухани қазына, адамзат ақыл-ойының інжу-маржанын ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп беретін ғажайып құрал. Оның адам өміріндегі маңызы мен алар орнын ескере келе, айтылған шара мынадай мақсаттарды алға тартады:

1.     әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды еңбектерді оқыту;

2.     туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу;

3.     білім беру үдерісінде қолданылым аясын кеңейту;

4.     кітап оқу мәдениетін әлемдік деңгейге көтеру;

5.     ұлттық рухани мұрамызды сақтай отырып, әлемдік тәжірибені қолдану.

Жиналған қауым 49 кітаптың құнды құпиясын ашумен қатар, өздерінің сан қырын көрсеткен нәзікжандыларымыздың актерлік шеберліктерінің де куәсі болды. Жалпы іс-шара Pecha Kucha форматында өткізіліп, kahoot бағдарламасымен қорытындыланды. Дүйім жұрт дүниежүзілік сипатқа ие философия саласының іріктеліп, сараланған жауһарлары туралы ақпарға қанық болып, оларды оқуға деген құштарлығы мен құлшынысы артты.

Алматы қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button