Жаңалық

«Тәуелсіздік – жыр-әнім»

«Тәуелсіздік – жыр-әнім» өнер фестивалінде республикамыздың өнерлі балалары бас қосты

Ағымдағы жылдың 27 қарашасында Ақтөбе қаласы үш тілде білім беретін №21 орта мектепте «Тәуелсіздік – жыр-әнім» республикалық шығармашылық фестивалі өтті. Аталған шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.

Өскелең ұрпақтың туған жерге, қазақ тіліне, қазақ халқының рухани мұрасына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өткізілген шараға Ақтөбе, БҚО, Түркістан, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды, Павлодар облыстары қатар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан 5-11 класс оқушылары, барлығы 27 талантты өнерпаздар қатысты.

Фестиваль аясында шешендік өнерін, жыршылық қабілетін, ақындығын сынға салған балалар қазақ ұлтының сөз өнеріне жақындығын тағы бір дәлелдегендей болды.

Республикалық өнер фестиваліне қатысушы жас дарындардың өнері бағаланып, жеңімпаздар жүлделі орындарға ие болды.

«Таза, мінсіз асыл сөз…» шешендік өнер байқауы бойынша:

Бас жүлде – Асығатұлы Шыңғыс, Павлодар облысы (100 000 т.);

1 орын – Ибрагим Мадина Бекжанқызы, БҚО (70 000 т.);

2 орын – Тұрсынбай Назым Алтайқызы, Қостанай облысы (50 000 т.);

3 орын- Елеусіз Манас Мерекеұлы, Ақтөбе қаласы (30 000 т.).

«Көмейден жыр ағылсын…» атты жыршылар байқауы бойынша:

Бас жүлде – Омар Ерсұлтан Бекзатұлы, Нұр-Сұлтан қаласы (100 000 т.);

1 орын – Сабитова Амира Нариманқызы, Ақтөбе қаласы (70 000 т.);

2 орын – Оразғали Асхат Қонысбайұлы, Атырау облысы (50 000 т.);

3 орын- Әдебова Нұрсила Ақылбайқызы, Қостанай облысы (30 000 т.).

«Тәуелсіздік тартуы» атты бала ақындардың мүшәйрасы бойынша:

Бас жүлде – Қанжарұлы Мадиасқар, Маңғыстау облысы (100 000 т.);

1 орын – Айдарбек Аружан Тұрсынбайқызы, Ақтөбе қаласы (70 000 т.);

2 орын – Қабдыхамитов Ернар Мирамханұлы, Қостанай облысы (50 000 т.);

3 орын – Саулет Нұршапағат Ерғанатұлы, Павлодар облысы (30 000 т.).

Қалған қатысушылар алғысхатпен және 15 000 теңге қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Ақтөбе облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button