Жаңалық

Ерлан Айтаханов: «Сыбайлас жемқорлықты қоғаммен бірге жеңеміз»

Шымкентте 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру: қоғаммен байланыс» тақырыбында қалалық форум өтті.

Қала әкімі Ерлан Айтаханов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қоғамның барлық өкілдері атсалысуы қажет екенін атап өтті.

«Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті мәселе. Мемлекеттің бұл індетке қарсы күресі тоқтаусыз, яғни, шексіз. Бұл жерде мемлекеттің күші қоғамның қолдауынсыз жеңіске жете алмайды. Әсіресе, сыбайлас жемқорлықпен күресуде азаматтық қоғам шешуші рөл атқарады», – деді Ерлан Айтаханов.

Қала басшысы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында қызмет көрсетушімен қарым-қатынасты барынша азайту үшін әкімдік тарапынан мемлекеттік көрсетілетін 127 қызмет түрі электронды форматқа ауыстырылғанын атап өтті.

«Мемлекеттік мекемелерде өткізіліп келген мемлекеттік сатып алу конкурстары орталықтандырылып, бір жерден Шымкент қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасымен жүргізіліп келеді. Бұдан бөлек «Фронт-офис» қызметі арыз-шағымдар бір жерден, «бір терезе» жүйесі арқылы қабылданып, шұғыл түрде қаралып жатыр. Сонымен қатар, «Open Space» пилоттық жобасы аясында әкімдіктің бес басқармасы ашық түрде жұмыс істеуге көшті. Халықпен тығыз байланыс орнату мақсатында, әкімдік ғимаратының бірінші қабатында «Ашық әкімдік» жұмыс істеп тұр. Біз елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасап келеміз», – деді шаһар басшысы.

Форум аясында «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында мерзімді басылым тілшілері арасында өткізілген үздік журналистік жұмыстар мен бейнероликтер байқауының, жоғары оқу орындары студенттері арасында өткізілген пікір-сайыс және эссе байқауларының, колледж студенттері арасындағы брейн-ринг байқауының жеңімпаздары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында нәтижелі жұмыс атқарған мемлекеттік орган өкілдері марапатталды.

Шымкент қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button