Жаңалық

Шымкентте «Парасаттылық» басқармасы ашылды

Басқарманың алғашқысы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде ашылды

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшының бірінші орынбасары Т. Серікбаев шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдіре отырып, «Ең әуелі сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресу емес, оның алдын алудың жолын әрбір қазақстандық өз отбасында дәріптесе, қоғам дертіне қарсы иммунитетті де нықтаған болар едік. Бүгінгі Университтеріңізде ашылып отырған «Парасаттылық» басқармасы және басқа да жобалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда бірлескен жұмысымызды одан әрі күшейтуге септігін тигізеді», – деді.

Парасаттылық басқармасының мақсаты — сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, өскелең ұрпақты адалдық қағидаттарына тәрбиелеу болып табылады.

Басқарма «Шымкент – адалдық алаңы» және «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселерімен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен, Шымкент қаласының әкімдігімен тығыз жұмыс жүргізетін болады. Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен еліміздің барлық білім беру мекемелерінде «Парасаттылық мектептері» ашылып жатыр.

Шымкент қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button