Жаңалық

Тәуелсіздік – тұғырым

Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық жиын өтті

Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара Шымкент қаласының және Түркістан облысының кәсіподақ ұйымдарының қолдауымен ұйымдастырылды.

Ұйым бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов шымкенттіктерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, көк байрағымызды қастерлеп, ардақ тұтуға шақырды. Сондай-ақ жиында акцияға белсенді атсалысқан патриот азаматтарға арнайы диплом мен төсбелгілері табыс етілді.

Марапатталғандардың қатарында Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов, бейнелеу өнері мұражайының директоры Айнабек Оспанов, ақын Дәурен Айманбет, «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің тілшілері Қайрат Карибаев пен Ақмарал Молдиярқызы бар.

Мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуге шақырған іс-шара филармония өнерпаздарының концертімен жалғасты.

Айта кетейік «Көк тудың желбірегені эстафетасы» шілде айында әлеуметтік желілерде бастау алған болатын. Патриоттық акцияға білім, денсаулық, мәдениет салаларының қызметкерлері белсенділік танытқан еді.

Шымкент қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Back to top button