Жаңалық

Ұлттық музей. Тәуелсіз Қазақстан залына саяхат

Адам өркениетінің тарихы қоғамдар мен ұлттық мемлекеттер дамуының мыңдаған сюжетін сақтайды.

Ұлы империялер күйреді, бірақ олардың орнына өздерін әлемге паш еткен жаңа мемлекеттер пайда болды.

Қазіргі кезеңде күйреген Кеңес Одағының орнына жас мемлекеттер қалыптасты. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы. Ол аз уақыттың ішінде елеулі экономикалық табыстарға қол жеткізді.

Бүгінгі таңда біздің ел әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарынан көріну үшін алдына мығым мақсат қойып отыр. Бұл мақсат барлығымыздың ортақ құндылығымыз – тәуелсіздігіміз болмаса санамызға кіріп шықпас еді. Осы тұрғыдан алғанда Тәуелсіз Қазақстан залы қалыптасқан Қазақстанның жетістіктерін паш етуде үлкен рөл атқарады.

Залдың экспозициясы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тарихи орнын айқындауға, қабылданған атрибуттар мен егемен елдің мемлекеттік нышандарына назар аудартуға, мемлекеттік шекараның демаркациясы мен делимитациясын көрсетуге, демократиялық мемлекеттің тұтастығы мен бірлігін паш етуге және әлем мойындап отырған Қазақстанды халықаралық қауымдастықтың теңқұқықты мүшесі ретінде танытуға бағытталған.

Тәуелсіз Қазақстан залы республикамыздың 1991 жылы дербес мемлекет деп жарияланған уақытынан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихын қамтиды.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button