Жаңалық

Амандық Баталов ең үздіктерді марапаттады

Алматы облысында журналистер арасында «Самғау» байқауы өтті

Талдықорған қаласында Елбасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Бикен Римова атындағы драма театрында Алматы облысы әкімінің жыл сайынғы «Самғау» сыйлығын тапсыру рәсімі өтті.

Байқау облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын, өңірдің жетістіктерін, сапалы бұқаралық ақпарат құралдарын ілгерілету мен дамыту, new media (блогинг, мобильді журналистика) прогрессивті түрлерін насихаттау мақсатында Алматы облысының ішкі саясат басқармасымен ұйымдастырылды.

Салтанатты рәсімде өңір басшысы Амандық Баталов қонақтарды құттықтай отырып, өз сөзінде:

«Мен биылғы жылы үшінші рет Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан «Самғау» сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысуға қуаныштымын. БАҚ қызметкерлерінің арқасында біздің Жетісу жерінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Қазақстанның әр түкпірінде біледі. Мен журналистерге және БАҚ қызметкерлеріне ерекше көзқараспен қараймын. Тіпті таңертеңнен бастап Tengrinews, Nur.kz-тің баспасөздері мен веб-сайттарынан бастаймын, бұқаралық ақпарат құралдарында қандай жағдайлар сипатталғанын біліп, оларды жою туралы нұсқаулар беремін. Сіздер әрдайым оқиғалардың ортасында боласыздар және адамдар үшін маңызды барлық тақырыптарды қамтып отырасыздар. Біздің аймақтың барлық жетістіктері дәл сіздердің материалдарыңызда кеңінен жария етілген. Сөзімді қорытындылай келе, барлықтарыңызды алда келе жатқан басты мерекеміз – Тәуелсіздік күнімен құттықтай отыра, әр үйге бейбітшілік пен жақсылық тілеймін! », – деп алғысын білдірді.

Байқау жұмыстарын беделді журналистер мен тәуелсіз БАҚ өкілдері бағалап, ұйымдастырушылар 11 номинация бойынша 150-ге жуық жұмыстарды қабылдады.

«Облыстық журналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін (ардагер журналист)» номинациясы бойынша журналист Тілеуқабыл Мыңжасар марапатталды.

«Үздік желілік басылым» номинациясы бойынша жеңіске «Огни Алатау» газетінің желілік басылымы ие болды.

«Алматы облысы туралы үздік бейнеблог» номанициясы бойынша «Аngry taldyk» қоғамдастығының әкімшісі Сандуғаш Дүйсенова жеңіске жетті.

«Үздік бейнеклип» номинациясы «Жетісу» телеарнасының режиссері Шалқар Хусаиновқа берілді.

«Баспа басылымының үздік дизайны» номинация бойынша «Талдықорған» газетінің дизайнері Айжан Сәдуақасова марапатталды.

«Аудандық, қалалық баспа басылымдарының үздік тілшісі» номинациясы бойынша «Жетісу шұғыласы» газетінің тілшісі Зейнегүл Жұмабекова үздік болып танылды.

«Алматы облысы туралы ең жақсы республикалық (халықаралық) ақпараттық материал үшін» «Хабар» агенттігінің меншікті тілшісі Әділхан Сахариев марапатталды.

«Үздік фототілші» номинациясы бойынша Жеңіс Ысқабай марапатталды.

«Үздік оператор» номинациясын «Жетісу» телеарнасының операторы Айдос Қалиев иеленді.

«Үздік тележурналист» (ақпараттық сюжет) номинациясы бойынша «Жетісу» телеарнасының редакторы Мадина Айтқалиқызы үздік болып танылды.

«Үздік журналист» (Ақпараттық мақала) номинациясы бойынша «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Жұматай Әміреев жеңімпаз атанды.

Журналистердің ресми бөлігінен кейін қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт ұйымдастырлды.

Концерттік бағдарлама Италиядағы Rovere d’ Oro халықаралық байқауында Гран-при иегері «KAZAKH QUARTET» квартетінің өнерімен бастау алып, кешті дарынды опера әншісі, «Астана Опера» театрының солисті Нарул Тойқанов, акапелла, поп, q-pop, r’n’b, фольклорлық, классикалық, бит-бокс стиліндегі әндерді орындайтын әлем бойынша жалғыз поп-топ VOX ACAPELLA тобының мүшелері жалғастырды.

Салтанатты рәсімнің соңында Ema, Луина Еуразиялық музыкалық сыйлығының нұсқасы бойынша 2018 жылдың әншісі өзінің хиттарын орындады.

Салтанатты рәсімнің соңында 2018 жылы EMA-Еуразиялық музыкалық сыйлығында «Үздік әнші» номинациясын иеленген эстрада әншісі – Луина өнер көрсетті.

Алматы облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Back to top button