Жаңалық

Жарыспалы сөздердің жазылуы

а) дыбыстық ықпалдасудың барысында пайда болған варианттар. (бұны/мұны, бағана/мана, сүйінші/шүйінші т.б.);

ә) ықшамдалу үрдісімен байланысты варианттар (әлгінде – әлгіде, кейіннен – кейін, мынандай – мынадай);

б) универбтену үрдісімен байланысты варианттар. Қазіргі қазақ тілінде көп, әсіре, бір тәрізді лексемалар бірде бөлек, бірде бірге таңбаланады: көп балалы – көпбалалы (отбасы), бір жақты – біржақты (шешім); жек көру – жеккөру (жеккөрушілік), орыс тілді – орыстілді; қазақ тілді – қазақтілді, көп үнділік – көпүнділік т.б. бұлар біріккен нұсқалы басым сыңар деп аталады;

в) қате қолданылатын дағдыға айналған варианттар: құсбегі – құсбегіші, аттестаттау – аттестациялау, бітімгер – бітімгерші. Ал А.Айғабылұлы сөз варианттарының фонетикалық, морфологиялық, грамматикалық, лексикалық түрлері барын және олардың жасалу жолын төмендегідей көрсетеді:

а) фонетикалық вариант дегеніміз дыбыстық құрылымы әртүрлі болып келетін бір сөз: ештеме / ештеңе / ештеңке; сөйтіп /сүйтіп;

ә) морфологиялық варианттар – түбірлері сақталып, тек қосымшалары ғана әртүрлі болып келетін сөз варианттары жатады: даяр /дайын; тырысқақ / тырыспа (ауру аты) т.б;

б) грамматикалық вариант түбір сөзге қосымша қосылу арқылы, екі түбір сөздің бірігуі немесе қосарлануы арқылы жасалған сөз варианттарын жатқызамыз. Мысалы: інжу / інжугүл / ландыш; боз/ бозаң / бозшөп;

в) лексикалық мағынасы бірдей, бірақ тұлғалары мүлде бөлек сөздерді лексикалық вариант дейміз, олар әртүрлі түбірлерден жасалады. Мысалы: құлақшын / малақай т.б. Р.Сыздық фонетикалық варианттардың өзін іштей мынадай топтарға ажыратып береді:

а) араб, парсы тілдерінен енген кірме сөздердің фонетикалық-орфограммалық жарыспа қатарлары;

ә) қазақтың төл сөздерінің жарыспа тұлғалары;

б) орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген кірме сөздер болып келетін жарыспалар;

в) ауызша сөйлеу тілі мен жазба әдебиетте түрліше фонетикалық вариантта кездесетін қатарлар. Аталған фонетикалық варианттардың ішінде әсіресе араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздер көп кездеседі. Осымен байланысты профессор Н.Уәли өзінің еңбегінде қазақ тілінің дыбысталуы бойынша игерілген араб-парсы сөздерінің кейбірі семантикалық дифференциялану процесіне ұшырап, жеке-жеке ұғымдардың, түсініктердің, қоғамдық-саяси атаулардың баламасы ретінде қалыптасып орныққанын айта келе, оған төмендегідей мысалдар келтіреді: өкімет (власть) – үкімет (правительство), өкіл (представитель) – уәкіл (уполномоченный), ілім (учение) – ғылым (наука), қазір – әзір, хал – әл, ауа – әуе т.б. Осы сияқты жеке мағынаға ие болған сөздермен қатар бір-бірімен дыбыстық жағынан ғана ерекшеленіп қатар қолданылатын варианттардың жарыса жазылып жүргенін айта келе, олардың әркелкі жазылуынан орфографияда қиындықтар барын келтіреді. Мысалы, фитна – фитнә, арафа – арапа, әлейһиссалам – аләйһиссалам – алаихұласлам – ғалайхиссалем, ғафыл – ғапіл – ғапыл – қапыл, пәренжі – паранжа, тауап – тәуап – тәуаб – тауаф, уахи – уәхи, ақырет – ахирет. Мысалдардан көріп отырғанымыздай жарыспалы вариантта қолданылып жүрген кейбір сөздер бір-бірінен дыбыстық жағынан ерекшеленсе, кейбір сөздер жеке мағынаға ие болған.

Р.Сыздық варианттылық фонетика саласында фонемалардың жуан, жіңішке, қысаң, созылыңқы немесе өзге фонемаларға жуық құбылып айтылуы (естілуі) сияқты жарыспалы қатарларды түзеді десе, С.Бизақов дауысты дыбыстардың алмасуынан түзілген сөз варианттары және дауыссыз дыбыстардың алмасуынан түзілген варианттар деп екіге бөліп алады. Сонда қазақ тілінде төмендегідей дауысты және дауыссыз дыбыстардың фонетикалық қатары түзіледі, оның төмендегідей бірнеше түрін (моделін) көрсетуге болады.

А/Ә: ажуа/әжуа…

Ы/І: құдірет/құдырет

Б/П: етпетінен/етбетінен…

К/Г: ботакөз/ботагөз…

Қ/Ғ: айқай/айғай…

Д/Т: диірмен/тиірмен…

Л/Н: түгендеу/түгелдеу...

Л/Д: жылылай/жылыдай…

Н/Ң: алдыңғы/алдынғы…

А/Ә дыбыстарының алмасуынан пайда болатын вариант сөздер. Бұл қатардағы вариант сөздердің өзін үш топқа бөліп алуға болады. Біріншісі жуан варианты толық сақталып жазылатын сөздер. Айтуда жіңішке айтылғанымен, жазуда жуан варианты таңбаланады. Олар: ажуа / әжуа, аппақ / әппақ, аруақ / әруақ, күстана / күстәна, тілмаш / тілмәш, ділда / ділдә, лазым / ләзім және т.б. Бірде а әрпімен, бірде ә әрпімен жазылып жүрген сөздердің (1988, 1997, 2013 жылғы Орофграфиялық сөздіктерде) жуан варианты берілгенімен, баспасөз беттерінде, әдеби шығармаларда әлі де екеуі қатар жарыса қолданылып жүр. Мысалы, “Аруақ” ұғымы қазақ танымының негізін құрайды, өйткені, қазақтардың, оның көшпелі тұрмыс кешкен ата-бабаларының сенім-нанымдарына қатысты анықтамаларда жиі айтылатын жалпылама мәнді “ата-баба культі” ұғымының өзі іс жүзінде осы аруақ ұғымымен сабақтасып жатыр (С.Қондыбай). Сол сияқты әруақ та жазу практикасында бар. Мысалы, Бұрынғыдай кемшілігімізді көрмей, қатемізді түземей, құр «біз де түрік баласымыз» деп атаның әруағына сүйенумен қазіргі өнер-білімнің қызу заманында бәйгеге қосыла аламыз ба? (М.Дулатов, Шығармалары). Тірілер, өмір сүріңдер, Әруағы үшін өлгеннің. Тірілер, тірі жүріңдер, Лаулатып отын сөнгеннің!!! (С.Мәуленов, Алыс кетіп барамын).

Екіншісі жазылуда жоғарыда көрсетілген қатардан ешқандай айырмашылығы жоқ мүшәйра / мүшайра, дүдәмал / дүдамал, мүбәрак / мүбарак, мәрмәр / мәрмар сөздерінің Орфографиялық сөздікте (1988, 1997, 2013) жіңішке варианты берілген. Осымен байланысты кейбір зерттеушілер екінші буында бірде а, бірде ә әрпімен жарыса қолданылып жүрген сөздерді босаң норма қатарына санайды. Оның себебін былай түсіндіреді “жалаң сөздердің I буынында ғана жазылады” деп заңдастырылған ә әрпі жоғарыдағы сөздерде II буында да таңбаланып, ережеден ауытқу тудырады.

Үшіншісі әйбат / әйбәт, кәусар / кәусәр, пәтуа / пәтуә, нәпақа / нәпәқа деген сөздерде бірінші буында келетін ә дыбысы келесі буынға әсер еткенімен, а әрпінің өзі жазылады. Осымен байланысты Р.Сыздықтың пікірінше, сөздің алғашқы буынындағы (не алғашқы буындарындағы) жіңішке дауыстының әуенімен келесі буында жіңішке айтылатын (естілетін) ә дыбысының орнына, негізінен, а әрпі жазылады: тәкаппар, ләззат, рәсуа. Н.Уәли де өзінің еңбегінде жоғарыда айтылған пікірді толықтыра түседі. Ғалымның айтуынша, бірінші буындағы тіл алды дауысты ә-нің әсерінен келесі буындағы а палатализацияланады, а-ның қосалқы реңкі ә ескерілмей, негізгі реңкі бойынша жазылады: жәннат, зәузат, нәпақа, пәтуа, пәруаз.

Қ/Ғ дыбыстарының алмасуынан пайда болатын вариант сөздер. Қазіргі жазуда әртүрлі таңбаланып жүрген сөздердің бірқатары қ/ғ әріптерінің жарыса жазылуымен байланысты болып келеді. Мысалы, садақа-садаға, ала-көбе – ала-гөбе, алакеуім – алагеуім, алакүлік-алагүлік, алақаншық – алағаншық, сайкүлік – сайгүлік, аракідік –арагідік, тым-тырақай – тым-тырағай, байқұс – байғұс, тұқжында – тұғжыңда, қылқындыру – қылғындыру, қыз-қырқын – қыз-ғырқын, ада-күде – ада-гүде, адың-күдің – адың-гүдің, апыл-құпыл – апыл-ғұпыл, желқабыз – желғабыз, жедеқабыл – жедеғабыл т.б. Орфографиялық сөздіктерде де ұяңданған варианты норма деп танылса да, қолданыста екі варианты да жазылып жүр. Профессор Н.Уәлидің пікірінше, дауыссыз қ / ғ, к / г, п / б алмасулары екі морфеманың жігінде жүзеге асады да, сөздердің бір тобын құрайды. Фонетикалық бұл жанды құбылысты синхрониялық сипаттағы алмасу деуге болады: құрық – құрығы, балық – балығы, себеп – себебі. Осы аталған дыбыстардың морфема жігіндегі алмасуынан өзге диахрониялық сипаттағы түрі бар. Соңғы типтегі дыбыс алмасу морфемалар жігінде емес, морфемалардың өз ішінде кездеседі. Мысалы, айқай / айғай, тақат / тағат. Сонда ғалымның негіздеуінше морфемалардың ішкі алмасуынан варианттар пайда болады. Ал қ / ғ әріптерімен келетін вариант сөздердің ішінен ұяңданған вариант бағытын ұстанған дұрыс деп есептейді. Жоғарыда берілген мысалдардан садақа-садаға варианты мағыналық сипат алып, жеке сөз ретінде қалыптасқанын төмендегі мысалдан көруге болады. Мысалы, садақа – ислам діні бойынша қайырымдылық мақсатында мұқтаж адамдарға берілетін ақшалай немесе заттай көмек, қайыр, құдайы. Зекет, құшыр, пітір секілді алланың бұйырған садақаларын кімге беру керек екендігі, кімге бергізілетініне көзіміз жетеді («Абай» журналы). Садағаң [садаға] кетейін (Тұрақты тіркес) – біреуге ризалық білдіргенде, разы болып айналып-толғанғанда, жалынып-жалбарынғанда айтылатын құрбаның болайын, шыбындай жаным сенің жолыңда болсын деген мағынадағы сөзқолданыс. Әй, садағасы кетейін Асқар-ай, ондай бауырмал, ондай көпшіл жігіт дүниеде сирек шығар! (С.Мұқанов, Толық жинақ).

Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшумен байланысты жарыса қолданылып жүрген сөздердің бірсыпырасын бір ізге түсіріп, олардың бір ваиариантын нормалап беру әлі де қарастыруды қажет ететін мәселелердің бірі болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Уәли Н. Графика, орфография, орфоэпия. Монография – Алматы, 2018ж.

2. Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптануы – Астана, 2011 ж.

3. Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері – Алматы, 2006 ж.

Жанар Төлендіқызы Жұмабаева

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі

институтының ғылыми қызметкері,

филология ғылымдарының кандидаты

Қазіргі таңда латынграфикалы жазуға көшумен байланысты жарыспалы сөздердің жазылуы, қолданысы күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі болып табылады. Бір сөздің жарыспа тұлғалары дегеніміз – мағыналық жағынан абсолют теңдікте тұрған, сөйлемде ешбір реңктік, стильдік бояуымен ерекшеленбейтін, әр алуан себептерден дыбыстық немесе тұлғалық ауытқуға ұшырап, әрқалай жазылып, әрқалай айтылып жүрген дыбысталуы бөлек, бірақ қолдануында мағыналық дербестігі жоқ бірнеше нұсқада айтылатын сөздер (С.Бизақов). Мысалы, айқай-айғай, қым-қуыт – қым-ғуыт, кереқар – кереғар, ала – көбе, ала – гөбе, ала-кеуім – алагеуім, алакүлік, бәтуа – пәтуа, белбеу – белбау, бөпе – бопа, сайкүлік – сүйгүлік, аракідік – арагідік, алай-дүлей – алай-түлей, арагідік – аракідік, байғұс – байқұс, барабар – парапар, балуан – палуан, басқадай – басқалай, ада-күде – ада-гүде, адың-күдің – адың-гүдің, апыл-құпыл – апыл-ғұпыл, кіші-кірім – кіші-гірім, жедеқабыл – жедеғабыл. Жазу практикасында әртүрлі жазылып жүрген фонетикалық варианттардың қатары көбейіп жатыр және жарыспа тұлғалардың ішінде ең көбі фонетикалық варианттар болып табылады. Н.Уәли вариант сөздердің түрлерін беріп, оларды саралаудың жолдарын төмендегідей көрсетеді:

а) дыбыстық ықпалдасудың барысында пайда болған варианттар. (бұны/мұны, бағана/мана, сүйінші/шүйінші т.б.);

ә) ықшамдалу үрдісімен байланысты варианттар (әлгінде – әлгіде, кейіннен – кейін, мынандай – мынадай);

б) универбтену үрдісімен байланысты варианттар. Қазіргі қазақ тілінде көп, әсіре, бір тәрізді лексемалар бірде бөлек, бірде бірге таңбаланады: көп балалы – көпбалалы (отбасы), бір жақты – біржақты (шешім); жек көру – жеккөру (жеккөрушілік), орыс тілді – орыстілді; қазақ тілді – қазақтілді, көп үнділік – көпүнділік т.б. бұлар біріккен нұсқалы басым сыңар деп аталады;

в) қате қолданылатын дағдыға айналған варианттар: құсбегі – құсбегіші, аттестаттау – аттестациялау, бітімгер – бітімгерші. Ал А.Айғабылұлы сөз варианттарының фонетикалық, морфологиялық, грамматикалық, лексикалық түрлері барын және олардың жасалу жолын төмендегідей көрсетеді:

а) фонетикалық вариант дегеніміз дыбыстық құрылымы әртүрлі болып келетін бір сөз: ештеме / ештеңе / ештеңке; сөйтіп /сүйтіп;

ә) морфологиялық варианттар – түбірлері сақталып, тек қосымшалары ғана әртүрлі болып келетін сөз варианттары жатады: даяр /дайын; тырысқақ / тырыспа (ауру аты) т.б;

б) грамматикалық вариант түбір сөзге қосымша қосылу арқылы, екі түбір сөздің бірігуі немесе қосарлануы арқылы жасалған сөз варианттарын жатқызамыз. Мысалы: інжу / інжугүл / ландыш; боз/ бозаң / бозшөп;

в) лексикалық мағынасы бірдей, бірақ тұлғалары мүлде бөлек сөздерді лексикалық вариант дейміз, олар әртүрлі түбірлерден жасалады. Мысалы: құлақшын / малақай т.б. Р.Сыздық фонетикалық варианттардың өзін іштей мынадай топтарға ажыратып береді:

а) араб, парсы тілдерінен енген кірме сөздердің фонетикалық-орфограммалық жарыспа қатарлары;

ә) қазақтың төл сөздерінің жарыспа тұлғалары;

б) орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген кірме сөздер болып келетін жарыспалар;

в) ауызша сөйлеу тілі мен жазба әдебиетте түрліше фонетикалық вариантта кездесетін қатарлар. Аталған фонетикалық варианттардың ішінде әсіресе араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздер көп кездеседі. Осымен байланысты профессор Н.Уәли өзінің еңбегінде қазақ тілінің дыбысталуы бойынша игерілген араб-парсы сөздерінің кейбірі семантикалық дифференциялану процесіне ұшырап, жеке-жеке ұғымдардың, түсініктердің, қоғамдық-саяси атаулардың баламасы ретінде қалыптасып орныққанын айта келе, оған төмендегідей мысалдар келтіреді: өкімет (власть) – үкімет (правительство), өкіл (представитель) – уәкіл (уполномоченный), ілім (учение) – ғылым (наука), қазір – әзір, хал – әл, ауа – әуе т.б. Осы сияқты жеке мағынаға ие болған сөздермен қатар бір-бірімен дыбыстық жағынан ғана ерекшеленіп қатар қолданылатын варианттардың жарыса жазылып жүргенін айта келе, олардың әркелкі жазылуынан орфографияда қиындықтар барын келтіреді. Мысалы, фитна – фитнә, арафа – арапа, әлейһиссалам – аләйһиссалам – алаихұласлам – ғалайхиссалем, ғафыл – ғапіл – ғапыл – қапыл, пәренжі – паранжа, тауап – тәуап – тәуаб – тауаф, уахи – уәхи, ақырет – ахирет. Мысалдардан көріп отырғанымыздай жарыспалы вариантта қолданылып жүрген кейбір сөздер бір-бірінен дыбыстық жағынан ерекшеленсе, кейбір сөздер жеке мағынаға ие болған.

Р.Сыздық варианттылық фонетика саласында фонемалардың жуан, жіңішке, қысаң, созылыңқы немесе өзге фонемаларға жуық құбылып айтылуы (естілуі) сияқты жарыспалы қатарларды түзеді десе, С.Бизақов дауысты дыбыстардың алмасуынан түзілген сөз варианттары және дауыссыз дыбыстардың алмасуынан түзілген варианттар деп екіге бөліп алады. Сонда қазақ тілінде төмендегідей дауысты және дауыссыз дыбыстардың фонетикалық қатары түзіледі, оның төмендегідей бірнеше түрін (моделін) көрсетуге болады.

А/Ә: ажуа/әжуа…

Ы/І: құдірет/құдырет

Б/П: етпетінен/етбетінен…

К/Г: ботакөз/ботагөз…

Қ/Ғ: айқай/айғай…

Д/Т: диірмен/тиірмен…

Л/Н: түгендеу/түгелдеу...

Л/Д: жылылай/жылыдай…

Н/Ң: алдыңғы/алдынғы…

А/Ә дыбыстарының алмасуынан пайда болатын вариант сөздер. Бұл қатардағы вариант сөздердің өзін үш топқа бөліп алуға болады. Біріншісі жуан варианты толық сақталып жазылатын сөздер. Айтуда жіңішке айтылғанымен, жазуда жуан варианты таңбаланады. Олар: ажуа / әжуа, аппақ / әппақ, аруақ / әруақ, күстана / күстәна, тілмаш / тілмәш, ділда / ділдә, лазым / ләзім және т.б. Бірде а әрпімен, бірде ә әрпімен жазылып жүрген сөздердің (1988, 1997, 2013 жылғы Орофграфиялық сөздіктерде) жуан варианты берілгенімен, баспасөз беттерінде, әдеби шығармаларда әлі де екеуі қатар жарыса қолданылып жүр. Мысалы, “Аруақ” ұғымы қазақ танымының негізін құрайды, өйткені, қазақтардың, оның көшпелі тұрмыс кешкен ата-бабаларының сенім-нанымдарына қатысты анықтамаларда жиі айтылатын жалпылама мәнді “ата-баба культі” ұғымының өзі іс жүзінде осы аруақ ұғымымен сабақтасып жатыр (С.Қондыбай). Сол сияқты әруақ та жазу практикасында бар. Мысалы, Бұрынғыдай кемшілігімізді көрмей, қатемізді түземей, құр «біз де түрік баласымыз» деп атаның әруағына сүйенумен қазіргі өнер-білімнің қызу заманында бәйгеге қосыла аламыз ба? (М.Дулатов, Шығармалары). Тірілер, өмір сүріңдер, Әруағы үшін өлгеннің. Тірілер, тірі жүріңдер, Лаулатып отын сөнгеннің!!! (С.Мәуленов, Алыс кетіп барамын).

Екіншісі жазылуда жоғарыда көрсетілген қатардан ешқандай айырмашылығы жоқ мүшәйра / мүшайра, дүдәмал / дүдамал, мүбәрак / мүбарак, мәрмәр / мәрмар сөздерінің Орфографиялық сөздікте (1988, 1997, 2013) жіңішке варианты берілген. Осымен байланысты кейбір зерттеушілер екінші буында бірде а, бірде ә әрпімен жарыса қолданылып жүрген сөздерді босаң норма қатарына санайды. Оның себебін былай түсіндіреді “жалаң сөздердің I буынында ғана жазылады” деп заңдастырылған ә әрпі жоғарыдағы сөздерде II буында да таңбаланып, ережеден ауытқу тудырады.

Үшіншісі әйбат / әйбәт, кәусар / кәусәр, пәтуа / пәтуә, нәпақа / нәпәқа деген сөздерде бірінші буында келетін ә дыбысы келесі буынға әсер еткенімен, а әрпінің өзі жазылады. Осымен байланысты Р.Сыздықтың пікірінше, сөздің алғашқы буынындағы (не алғашқы буындарындағы) жіңішке дауыстының әуенімен келесі буында жіңішке айтылатын (естілетін) ә дыбысының орнына, негізінен, а әрпі жазылады: тәкаппар, ләззат, рәсуа. Н.Уәли де өзінің еңбегінде жоғарыда айтылған пікірді толықтыра түседі. Ғалымның айтуынша, бірінші буындағы тіл алды дауысты ә-нің әсерінен келесі буындағы а палатализацияланады, а-ның қосалқы реңкі ә ескерілмей, негізгі реңкі бойынша жазылады: жәннат, зәузат, нәпақа, пәтуа, пәруаз.

Қ/Ғ дыбыстарының алмасуынан пайда болатын вариант сөздер. Қазіргі жазуда әртүрлі таңбаланып жүрген сөздердің бірқатары қ/ғ әріптерінің жарыса жазылуымен байланысты болып келеді. Мысалы, садақа-садаға, ала-көбе – ала-гөбе, алакеуім – алагеуім, алакүлік-алагүлік, алақаншық – алағаншық, сайкүлік – сайгүлік, аракідік –арагідік, тым-тырақай – тым-тырағай, байқұс – байғұс, тұқжында – тұғжыңда, қылқындыру – қылғындыру, қыз-қырқын – қыз-ғырқын, ада-күде – ада-гүде, адың-күдің – адың-гүдің, апыл-құпыл – апыл-ғұпыл, желқабыз – желғабыз, жедеқабыл – жедеғабыл т.б. Орфографиялық сөздіктерде де ұяңданған варианты норма деп танылса да, қолданыста екі варианты да жазылып жүр. Профессор Н.Уәлидің пікірінше, дауыссыз қ / ғ, к / г, п / б алмасулары екі морфеманың жігінде жүзеге асады да, сөздердің бір тобын құрайды. Фонетикалық бұл жанды құбылысты синхрониялық сипаттағы алмасу деуге болады: құрық – құрығы, балық – балығы, себеп – себебі. Осы аталған дыбыстардың морфема жігіндегі алмасуынан өзге диахрониялық сипаттағы түрі бар. Соңғы типтегі дыбыс алмасу морфемалар жігінде емес, морфемалардың өз ішінде кездеседі. Мысалы, айқай / айғай, тақат / тағат. Сонда ғалымның негіздеуінше морфемалардың ішкі алмасуынан варианттар пайда болады. Ал қ / ғ әріптерімен келетін вариант сөздердің ішінен ұяңданған вариант бағытын ұстанған дұрыс деп есептейді. Жоғарыда берілген мысалдардан садақа-садаға варианты мағыналық сипат алып, жеке сөз ретінде қалыптасқанын төмендегі мысалдан көруге болады. Мысалы, садақа – ислам діні бойынша қайырымдылық мақсатында мұқтаж адамдарға берілетін ақшалай немесе заттай көмек, қайыр, құдайы. Зекет, құшыр, пітір секілді алланың бұйырған садақаларын кімге беру керек екендігі, кімге бергізілетініне көзіміз жетеді («Абай» журналы). Садағаң [садаға] кетейін (Тұрақты тіркес) – біреуге ризалық білдіргенде, разы болып айналып-толғанғанда, жалынып-жалбарынғанда айтылатын құрбаның болайын, шыбындай жаным сенің жолыңда болсын деген мағынадағы сөзқолданыс. Әй, садағасы кетейін Асқар-ай, ондай бауырмал, ондай көпшіл жігіт дүниеде сирек шығар! (С.Мұқанов, Толық жинақ).

Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшумен байланысты жарыса қолданылып жүрген сөздердің бірсыпырасын бір ізге түсіріп, олардың бір ваиариантын нормалап беру әлі де қарастыруды қажет ететін мәселелердің бірі болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Уәли Н. Графика, орфография, орфоэпия. Монография – Алматы, 2018ж.

2. Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптануы – Астана, 2011 ж.

3. Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері – Алматы, 2006 ж.

Жанар Төлендіқызы Жұмабаева

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі

институтының ғылыми қызметкері,

филология ғылымдарының кандидаты

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button