Жаңалық

Медиа Этика. Болашақ журналистерге құнды мәлімет

Бұған дейін «100 жаңа оқулықтан» қызық дейтін, қоғамға пайдасы бар дейтін ақпараттармен бөлісіп отыратынымыз туралы сөз қозғаған едік. «Медиа Этика Жас мамандардың тәжірибесінен» оқулығынан алынған келесі мақаланы назарларыңызға ұсынамыз.

Адам күрделі жағдайлардың арқасында ғана дамып, өсіп, қалыптасады. Өздері тап болған жағдайлар арқылы кең ауқымда ойлауды үйреніп, кейбір философтар айтатын «моральдық кемелдікке» жетеді. Әрине, жаңа жұмыс орнында журналистік міндеттеріне байланысты Сараның басқалар өзінен не күтерін білгісі келгені дұрыс.

Медиа теоретиктер Бил Ковак пен Том Розенстиль былай дейді: «Журналистиканың негізгі міндеті – азаматтарға керек ақпаратты жеткізу». Бұл журналистерге қауіп пен әрекеттің салдарын теңгеруге мүмкіндік береді. Кейде дәл сол күйі есеп беру зиян шектіреді. Демек «журналистің міндеті – ақпарат берген кезде оның салдарын түсіндіре білу».

Мысалы: азаматтар сайлауға түсіп жатқан тұлғаның біріне «қызметін асыра пайдаланғаны үшін» қылмыстық айып тағылғандығын білуі тиіс. Ақпараттың бұл түрі адамға маңызды таңдау жасауға әсер етеді. Ал шенеуніктің ұлы кәмелеттік жасқа толмай ішімдік ішкені үшін мектеп тарапынан жазаланса, ол аудитория үшін маңызды емес. Себебі мұндай ақпаратты тарату бала үшін зиян. Заңнама мақаланы жариялауға кедергі болмаса да, этикалық тұрғыдан бұл адамгершілікке жатпайды.

Сараның жағдайына келсек, оның ешкімге зияны тимеді. Ол өз әріптестерінің жұмысын жеңілдеті үшін қолынан келгеннің бәрін істеді. Бірақ оның редакторы жақсы таңдау жасады: егер қоғамдағы кейбір топтар мемлекет тарапынан жасалатын қолдауға ие болмаса, ол туралы айту керек. Бір адамның ғана оқиғасын үлкен мәселе ретінде көрсету – қоғам назарын жүйелі проблемадан басқа жаққа аударады.

Уақытша көмек үйсіз адамға уақытша ғана азық бола алады. Бірақ аудиторияға бұндай ақпар адамдардың не себепті баспанасыз жүргенін, бұл мәселені қалай шешуге болатынын көрсетуге, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін білуге, басқа да құқықтарын қорғауға септігін тигізе алады.

Дереккөз: Bill Kovach and Tom Rosenstil, The Elements of Jornalism (New York, NY: Three Rivers Pres, 2007), 12

Басқа материалдар

Back to top button