Жаңалық

2020. Сұранысқа ие болған мамандықтар

Жер бетінде 40 мыңнан астам мамандық бар. Біз осы жылы ең көп сұранысқа ие болған мамандықтардың бірнешеуіне тоқтала кетпекпіз. 

Өткен ғасырда «Оятқыш» деген мамандық болған. Еуропада. Бұл мамандық иесі ұйықтап жатқан адамдардың терезесін қағып, жұмысқа оятатын еді. Технология дамып, оятқыш сағаттар мен смартфондардың қолданысқа енуі аталмыш маманды жұмыссыз қалдырды.

Бұдан бөлек «Егеуқұйрық аулаушы», «Пышақ қайраушы», «Аяқ киім тазалаушы» секілді бірнеше мамандық біздің күнге жетпей қалды. Қоғамның қажеттілігіне қарай жыл сайын нешеме мамандық туындап отырады. 2020 жыл қандай мамандардың сұранысын арттырды?

Бұл жылы Қазақстанға ғана емес, күллі әлемге қажет болған 5 мамандық иелерін атап көрелік:

 

Дәрігерлер. Елімізде 253 883 дәрігер бары анықталды. Әлемде, орта есеппен, 10 мың адамға 16 дәрігер мен 38 медбике қызмет көрсетеді екен. Медицинаны жаңашы құбылтқан, алғашқы дәрігерлердің бірі – Гиппократ біздің заманымыздан бұрын 460-377 жылдары өмір сүрген.

 

Мұғалімдер. Өткен жылы ҚР білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари: «елімізде 500 мыңнан астам педагог бар», деп мәлімдеме жасаған еді. Біз нешеме ғылымның негізін қалап кеткенін ескеріп, ең алғашқы ұстаз деп – Аристотельді мойындаймыз.

 

Бұқаралық ақпарат құралдары. Төртінші билік. Қоғамдағы күллі шу осы ақпараттың жаңсақтығынан туындайды. Қазақстанда, шамамен 10 мыңнан астам бұқаралық ақпарат құралы бар. Ең алғашқы газеттер Гай Юлий Цезарьдің кезінде басылып шыққан деседі.

 

Құрылысшы – ең көне және әлі күнге дейін ең қажетті мамандық. Жер бетіндегі алғашқы құрылыс көне Грецияда, Вавилон мен Римде басталған. Испания әлемдегі құрылысшылары ең көп мемлекет. Бұл мемлекетте 2,7 млн адам құрылыс саласында жұмыс істейді. Бұл Испания халқының 13,3 пайызы.

 

Еріктілер. Мамандық деуге келмесе де, бұл жандардың қоғам өміріне айтарлықтай әсері бар. Алғашқы еріктілер – солдаттар еді. Уақыт өте келе еріктілікке деген таным түрленіп, жарасымды қалыпқа түсті. Елімізде 50 мыңға жуық ерікті бар. БҰҰ «Әлемде 1 млрд ерікті бар» деген мәлімдеме жасады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button