Жаңалық

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мәселелері «Азаматтық алаңда» онлайн форматта талқыланды

Ағымдағы жылғы 1 қазанда Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілеповтың төрағалығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша «Азаматтық алаң» талқылау клубының отырысы өтті.

Кеңеске сараптамалық және ғылыми қауымдастық, азаматтық сектор және қоғамдық пікір көшбасшыларының өкілдері қатысты. Іс-шара барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын одан әрі іске асыру және қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі мәселелер талқыланып, ұсыныстар жарияланды.

Өз сөзінде «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының басшысы Данияр Есин: институт қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы жаңа бағыттар мен оларды іске асыру жолдарын әзірлеуде ауқымды жұмыс атқарып жатқанын айта кетті.

Данияр Нұрашұлы «100 жаңа оқулық» жобасы біздің оқу орындарымызды қазақ тіліндегі үздік ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етіліп, олар бойынша пәндерді енгізудің Жол карталарының бекітілгеніне және OpenU университетінің ашық порталында 156 бейнедәріс құрылғанына да тоқталды.

«Қазіргі уақытта Қазақстанның киелі нысандары бойынша 253 туристік маршрут және 128 археологиялық экспедиция әзірленді. Негізгі нысандар туралы фильмдер топтамасын бүкіл әлем бойынша БҰҰ-ның алты тілінде «Discovery», «Viasat history», «National Geographic» телеарналарында көруге болады.

«Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» халықаралық аренада еліміздің имиджін белсенді түрде ілгерілетуде. Шетелде (Қытайда, АҚШ-та, Түркияда, Ресейде, Финляндияда, Кореяда, Малайзияда, Венгрияда, Швецияда және т.б.) қазақстандық әдебиеттің 28 орталығы ашылды», – деді «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының басшысы Данияр Есин.

Бүгінгі таңда Бағдарламаның негізгі іс-шаралары мен жобалары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы бекіткен 2020 жылға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде жүзеге асырылуда. Іс шаралар жоспары тұлғалық даму, ұлттық бірегейлік және халықаралық позициялау, мемлекеттің, азаматтық қоғамның және жергілікті қауымдастықтың дамуы бағыттары бойынша 97 тармақтан тұрады.

Талқылау қорытындысы бойынша Бағдарламаны жетілдіру және одан әрі тиімді іске асыру жөнінде нақты бағыттар мен жаңа тәсілдер қалыптастырылды.

Басқа материалдар

Back to top button