Жаңалық

Білім кілті – кітапта

Руханиятты дамыту, жастарды қолдау, тұрақты оқырмандарды ынталандыру мақсатында «Кітап оқып, рухани бай бол!» атты іс-шараны дәстүрлі түрде өткізу жоспарланған.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқу мәдениетін дамыту және қолдау үшін Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі №159 гимназияның ғылыми кітапханасымен бірігіп, «Кітап оқып, рухани бай бол!» атты шығармалар байқауын жариялаған болатын.

Сайыс мақсаты – жас ақындарды анықтау, қолдау көрсету, ынталандыру, жас буынды ұлттық мәдени құндылықтар рухымен ұлтжандылыққа тәрбиелеу, танымын кеңейтіп, өресін биіктету.

Қатысушылар қазақ әдебиетінің алтын қорына өзінің өшпес шығармаларымен танымал болған ақындардың шығармаларын «Рухани жаңғыру» жобасының ақпараттық порталына талап бойынша жариялады. Шығармалар сайысына қаланың әр ауданынан өз бағын сынау үшін жүздеген үміткерлер келіп, қатысты. Конкурстың қорытындысына сәйкес I-орынды Нұрсадық Ақерке, ІI-орынды Амиржакупова Арина, III-орынды Әбетей Фатима иеленді.

Алматы қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button