Жаңалық

Ұлы даланың аңыз арулары

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы аясында Кәсіптік білім кафедрасының аға оқытушысы Маханова Гүлмираның жетекшілігімен «Кәсіптік оқыту» мамандығының 4 курс студенттері дайындаған «Ұлы Даланың аңыз арулары» атты коллекцияның дефилесі өтті.

Бұл коллекцияда Томирис (Тұмар ханша), Айша бибі, Сүйінбике, Фатима, Алтын адам, Зарина, Сапура батыр қыз секілді батыр, батыл, қаһармандығымен көзге түскен, ерлермен тең дәрежеде соғысқа барған аруларымыздың киім үлгілері көрсетілді. Киім үлгілерін көрсету барысында әр кейіпкердің ерлігі жеке-жеке сипатталып, коллекция әуезді әуенмен көмкерілді.

Кәсіптік оқыту мамандығының 4-курс студенттері жалпы коллекция тігумен қатар жеке өздеріне арнап әртүрлі киімдерді тікті. Дефиле барысында әзілге толы «Бір үйдің қыздары» атты жайдарман командасы өнер көрсетті.

Коллекция мақсаты – Университетімізде еліміздің аңызға айналған аруларының киімдерін тігіп, көне тарихқа көз жүгіртіп, батыр қыздарымыздың ерлігі мен ұлттық нақыштағы киім үлгісін дәріптеу. Коллекция көрсетіліміне Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің деканы Жамал Аширбекова, «Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесінің жауапты үйлестірушісі Гаухар Байташева, Ғылым бөлімінен Светлана Шакирова мен Қалипа Жакибаева, Кәсіптік білім кафедрасының меңгерушісі Рахия Дарменова және басқа да профессор-оқытушылар қатысып, өздерінің жоғары бағасын берді.

Алматы қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button