Жаңалық

«Райымбек! Райымбек!» деп ұрандаған (инфографика)

Қазақ халқының тәуелсіздігі мен азаттығы жолында ерлігімен көзге түскен Райымбек – жоңғар басқыншыларына қарсы шайқастарда атамекенін жаудан азат еткен батыр әрі әулие, қолбасшы. Райымбек батыр қазақ әскеріне ұранға айналып, қаумалаған қалың жоңғармен соғысқанда өзін көп уақытқа дейін білдірмеген. Әскердің барлығы «Райымбек» деп ұрандағанда кім екенін білмей аңтарылатын болған. «Аты да көрінбейді, ұшады екен. Аяқ астынан шыға келеді екен» дегенді бірінен-бірі естіген қалмақтар «Райымбек!» деген ұран естілгеннен-ақ зәрелері ұша бастайтын болған. Тіпті олар «Райымбек!» деп айқайлаған адам өлмей қалады екен дегенге сеніп, қазақтар лап қойғанда, өздері де «Райымбек!» деп ұрандап қоя беретін болған. Ақырында «Райымбек!» деп ұрандап жүргендердің қайсысы қазақ, қайсысы қалмақ екенін ажырата да алмайтын зәрезап халге жетеді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button