Жаңалық

Жалын деген не?

Жалын деген не?

Бұйымдардың көбі жанғанда жалын шығарып, жалыңдап жанады. Жалынның не екендігін, оның қайдан пайда болатындығын білу үшін май шамның жалынын тексеріп қаралық.

Шамның білтесінің үстінде жалын бар. Үрсек жалын шалқиды, жайына тұрса жоғары қарата тiк жанады. Байқаңқырап қарасақ, жалын бір түрлі емес, жалынның ортасы тұп-тура, тақ білтенің үсті қара болып көрінеді, бұл – жалынның өзегі. Өзектің айналасы ақ болып көрінеді, бұл – жалынның жарығы. Жалынның жарығының айналасы байқаңқырап қарағанда, көгілжім көрінеді, бұ – жалынның шегі. Қызудан шамның майы ериді. Еріген май білтеге сіңіп жоғары көтеріледі. Жалынның өзегі ғаздардан тұрады. Бұ ғаздар – жанғыш ғаздар, ауаға жолықса жанады. Өзекте бұ ғаздар ауамен жолыққан жоқ. Өзекке шөлмек түтік тықсақ, ғаздар түтікке кіріп, екінші басынан шыға бастайды. Түтіктің ғаз шыққан басына шырпы тигізсек, ғаздар көгілжім жалын шығарып жанады. Білтеден кішкене көтерілгенсін ғаздар ауаға жолығып жанады. Жалынның жарық бөлімі осы жаққан ғаздардан тұрады. Бұл орында ғаздар әбден жана алмайды. Бұл орынға ауаның келуі шамалы, әбден жануға қышқылтум кем. Шамның майынан пайда болған ғаздардың ішінде көмір бар. Fаздар жанғанда көмір ғаздардан күйе болып айырылады. Күйе деген көмірдің уақ тозаңы: бұл орында ауаның аздығынан күйе жанып кетпейді, тек қызады. Қызған қатты бұйымдар жарқылдайды. Күйе де жарқылдайды. Жалынның осы бөлімінің жарық болуы осы жарқылдаған күйеден, жалынның жарығына пышақтың үші, шынының сынығы секілді салқын нәрселер кіргізсек, қара күйе болады.

Жалынның сыртында ауа көп болады. Қышқылтум мол болады. Бұл орында ғаздар әбден дұрысталып жанады. Күйелер де дұрыстап жанып, қышқылтуммен қосылып, қышқыл көмір болады. Жалынның шетінде жанған ғаздардан басқа һеш нәрсе жоқ. Жанған ғаздардың түсі көгілжім болады. Жиектің түсі көгілжім болатыны осыдан. Жалынның ыссылығының ең көп орны көк жиек, жарықтың ыссылығы аздау, өзекте ыссылық кем болады.

Жалын – жанған ғаздар.

Ағаш, май, шүберек, шөп секілді бұйымдар жанбастан бұрын ғаздарға айналады. Fаздар жалын болып жанады. Бұндай бұйымдар жалын шығарып жанады. Қатты бұйымдар жанбастан бұрын ғаздарға айналмаса, онда олар жалынсыз жанады. Қышқылтумға кіргізген болат жалынсыз жарқылдаған ұшқындар шашып жанады…

Хәлел Досмұхамедұлы

«Табиғаттану» еңбегінен

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button