Жаңалық

Open Qazaqstan. Қорықтар: Барсакелмес

Қазақ елі – сакралды аймақтарға толы мекен. Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейінгі аралықта созылып жатқан кең байтақ жеріміздің асты да, үсті де бай. Порталымыз сондай, қызықты мәліметтермен бөлісуден жалықпайды. Қорықтарға сапарымыз жалғасады.

Елімізде орналасқан табиғатты қорғау орындарының ішіндегі ең ерекшесі Сыр еліндегі – Барсакелмес мемлекеттік қорығы. Ол теңіздің Барсакелмес аралында етек жайған. Қорық 1939 жылы ұйымдастырылды. Әйткенмен ресми құрылған уақыты – 1848 жыл.

Қорықтың атауының өзі құлаққа жағымсыз естілетіні бар. Ел ішінде не үшін «Барсакелмес» деп қалыптасып кеткендігі жөнінде біршама аңыз-әңгімелер жетерлік. Дей тұрғанмен, бастысы оның атауында емес, табағатты қорғау орны ретіндегі маңыздылығында.

Әр қорықтың өзіндік ерекшелігі болатыны табиғи дүние. Барсакелместің символы – құлан. Қорықта мекендейтін бұл жануар дүниежүзілік «Қызыл кітапқа» енгізілген. Мұнда құландарды алғаш Түркіменстанның Бадхыз қорығынан әкелген. 1953 жылы бар-жоғы 19 бас құлан еді. 1986 жылы «Құландар аралындағы» бұл хайуандардың саны 300-ге жетті. Көбейген құландар 90 жылдардың басына дейін еліміздің өзге қорықтарына ауыстырылды. Деректерге сәйкес, 2016 жылы олардың саны 520-ға жуықтаған.

Құланнан бөлек, қорықта 2 мыңға жуық омыртқасыз жануар, 30 сүтқоректі, 178 құс, 12 бауырымен жорғалаушы, қосмекендндің 2 және рептилияның 20 түрі тіршілік етеді. Аралды жердегі құстардың саны мен түрі көктем мен жаз айларында көбейеді.

Қорықта улы қалқантұмсық жылан мекендейді. Бұл жыланның өте сирек кездесетін түрі. Оның уы медицина саласында аса қажетті әрі таптырмас зат.

Өсімдіктер әлемінен мәлімет тараталық. Барсакелместен өсімдіктің 354 түрін кездестіре аласыз. Оның 14-і эндемик болып келеді.

Теңіз тартылуының тіршілік иелеріне зардабы.

Теңіздің тартылуы облыс аумағында өмір сүретін адамдарға ғана емес, қорықтағы өзге де тіршілік иелеріне қауіп төндірмей қоймайды. Әсіресе, ақбөкен, қарақұйрық, құландар көп зардап шегеді.

«Барсакелмес» аты айтып тұрғандай барғандар қайта келмейтін жер ме немесе неліктен ерекше арал саналады?

Қорықты өткен ғасырда ұйымдастырғанмен, жергілікті тұрғындар аңызға қанық. Тіпті Шыңғысхан дәуірлеген кезеңде де Шыңғысханнан қашпақ болған Хорезм шақ осы қорықты паналапты-мыс.

Аралдың уақыты басқа аймақтан өзгерек.

1930 жылы арнайы Барсакелместі зерттеу үшін экспедициялық топ аралға аттанады. Алайда олар үш ай бойы жоғалып, хабар-ошарсыз кетеді. Іздеу салынады. Табылмайды. Кейін әлгі топ аман-есен өздері оралған. Сөздерінше, олар үш күн ғана болып, аймақты картаға түсіріпті. Ал сол аралықта елдің басқа өңірлерінде үш ай өтіп кеткен.

Қорық дүниежүзілік биосфера желісіне қосылған.

ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының халықаралық үйлестіру кеңесі табиғатты қорғау орнын дүниежүзілік биосфералық қорықтар қатарына қосқан.

Қорыққа қалай жете аласыз?

Елорда мен Қызылорда қаласының арақашықтығы – 1155 шақырым. Облыс орталығы мен Арал ауданының арасы – 448 шақырымды құрайды. Республиканың барлық аймағынан Қызылорда қаласына күнделікті әртүрлі транспорт түрлері: пойыз, ұшақ, автобус, такси қатынайды. Күн сайын сағат 11:00-де және 21:00-де Қызылорда қаласынан Арал ауданына дейін адам тасымалдау көліктері жүреді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button