Жаңалық

ӘЛ-ФАРАБИ туралы ТЕЛЕХИКАЯ. Түсірілім жұмыстары басталды

Тарихи туындыны «САҚ» киностудиясы Шымкент қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша түсіріп жатыр. Тарихи оқиғалар мен киелі орындарды қамтитын, Қазақстан ұлттық телеарнасымен біріккен жоба 10 сериялы болады. Телехикая қыркүйек айында көрермен назарына ұсынылмақ.

Фильм продюссері, «САҚ» киностудиясының директоры Нуриддин Паттеевтің айтуынша, фильм қыс, көктем, жаз мезгілін қамтиды.

«Тарихи маңызы бар киноны бірінші рет түсіріп жатқанымыз жоқ. Осыған дейін Түркістан облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша облыстық мәдениет басқармасының «Оңтүстікфильм» мекемесімен бірлесіп, «Төле би» атты 10 сериялы телехикая түсірген едік. Ал Әл-Фараби туралы фильмнің түсірілім жұмыстары Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы «Аппақ ишанда», Шәуілдірдегі «Отырар төбеде», Өзбекстан Республикасындағы Самарқанд, Хиуа жақта өтеді деп жоспарлап отырмыз. Тіпті, Сирия астанасы Дамаск қаласына Алла сәтін салса, баруды көздеп отырмыз», – дейді Н. Паттеев.

Айта кету керек, ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби жайлы тарихи фильм бірінші рет түсіріліп отыр. Сценарийін жазған – Бақытжан Құлжабаев. Ал режиссері, «Төле би» сериалын түсірген, бірнеше анимациялық фильмнің авторы Батырхан Дәуренбеков.

Шымкент қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button