Жаңалық

«Құнанбай» фильмі Абу-Дабиде

Абу-Дабидегі «Манарат аль Саадият» мәдени орталығында Қазақстан киносы күндерінің ашылу салтанатында режиссер Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» фильмі көрсетілді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында ұйымдастырылған мәдени іс-шараны Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстанның Біріккен Араб Әмірлігіндегі елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Сондай-ақ «Қазақ биі» деректі фильмі де көрсетілді. Бұл туындының режиссерлері – Анвара Садықова және Ғазиз Насыров. Деректі фильмде жас балерина, А.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің студенті, халықаралық байқаудың лауреаты Жанель Ұланованың өнері арқылы қазақ биінің тарихы баяндалады.

Ал бүгін режиссер Рүстем Әбдірашевтің «Қазақ хандығы» тарихи кинодиологиясының екі бірдей маусымы – «Алмас қылыш» және «Алтын тақ» фильмдері ұсынылады. Бұл туындылардың сценарийі Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының «Алмас қылыш» атты бірінші романының негізінде жазылған. «Қазақ хандығы» ауқымды тарихи жобаның идея авторы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаев.

Қазақстан киносы аясында режиссер Ақан Сатаевтың «Елбасы жолы. Астана» және режиссер Джефф Веспаның «Әміре» фильмдері көрсетіледі.

Алматы қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button