Жаңалық

«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар»

Осындай атаумен бүгін Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған мерейтойлық концерт өтті.

Танымдық кеште оқытушылар мен студенттер Абай шығармаларын бірге орындады. Іс-шараға Алматы қаласындағы мәдениет және өнер саласының өкілдері, оқу орындарының басшылары және Академия студенттері қатысты. Кеш тізгінін ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Гүлдана Сапарғалиева алды.

Ағартушының «Жарқ етпес қара көңлім не қылса да…», «Есіңде бар ма жас күнің», «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» т.б сынды өлеңдерін нақышына келтіріп орындады. Жиналған қауым рухани азық алып, өлеңімен сусындап қайтты. Ұлы Абайдың даналығы мен мұрасы қазіргі қоғамның негізгі рухани қағидаларына сәйкес келеді. Абайдың ғасырлар бойғы мұрасы жас ұрпаққа жақсы үлгі.

Абай тұлғасы жас ұрпақты жаңаша тәрбиелеуге арналған таптырмас шамшырақ болмақ. Себебі Абайды танып өскен өреннен, әлем мойындаған тау тұлғалар туарына шүбә жоқ.  Бүгінгі қазақ идеологиясының діттеген мақсаты да осы.

Алматы қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Back to top button