Жаңалық

#Abai175. Хэштег деген дүние де өзекті

Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар өткен айда ресми бастау алды. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының хәкім мұрасы туралы жазған мақаласы атаулы датаның мән-маңызын арттырды. Дәл осы мерейтой әсіресе әлеуметтік желідегі ең көп талқыға түсіп жатқан тақырыптардың бірі болып тұр. Әлемнің әр түкпіріндегі отандастарымыз да үн қатып жатыр. Бұл жақсылықтың нышаны.

Ақпараттар ағымы заманында жарияланып жатқан мәліметтердің бір арнаға келіп тоғысқаны өте маңызды. Бұл ретте ақын мерейтойына арналған бір хэштегті белгілеп, соның жанына топтасу қажеттілігі туып тұр. Соңғы күндері #Abay175, #Abaikunanbaev175 деген хэштегтер пайдаланыла бастады. Басқасын былай қойғанда, #Abai дегеннің өзі жетіп жатыр. Ең дұрысы #Abai175 хэштегін бірге қолдану.

Барлық авторлар әлеуметтік желіде жариялап жатқан жұмыстарына осы хэштегті пайдаланса деймін. Кейін барлық контентті бір «қоймадан» оңай тауып, танысып отырар едік.

Азамат Битан 

Басқа материалдар

Back to top button