Жаңалық

Домбыра сындыру. Заңмен жазаламай тоқтау жоқ

Қасиетіңнен айналдым…

Кешір, Домбыра!

Шаң басып, шанағыңа кесір қонды ма?!

Әр ұлттың өзінің болмыс-бітіміне тән тілі болады. Қазақтың тілі – домбыра. Қуанышта қасынан табылатын, қайғысын естіртетін бірден-бір аспап – тағы домбыра. Халқымызда «тоңып қалды», «жатырқады» деген секілді адамға қатысты тіркестер домбыраға қаратылып та айтылады. Бұл домбыраның қазақ арасында үлкен мәртебеге ие екенінің айғағы. Домбыраның орны – төр!

«Итің жаман» десе көңіліне алатын қазақ домбыраға қатысты дөрекі сөйлетпек тұрмақ, аттатпаған. Күні кеше әлеуметтік желіде өзге ұлт өкілдерінің домбыраны жерге соққан, сындырған бейнежазбасы тарап кетті. Осыдан біршама уақ бұрын қардан жасалған «аяз аталарды» тепкен жігітті жерден алып, жерге салған қауым үшін аталмыш бейнежазба ұлтқа жасалған қастандық іспетті. Құрманғазы мен Тәттімбеттің, Әсет пен Әміренің рухы бар аспапты сындырғаны – қабырғаңды сындырған сыңайлы. Құр кешіріммен істі «тынды» қылуға болмайды. Елдігімізді паш етеміз деп Ұлттық домбыра күнін жариялағанымыз кеше емес пе еді?!

Домбыраны қорлаған адам жай ғана кешірім сұраумен құтылып кетпей, ұлт араздығын қоздырғаны үшін заңмен жазалануы керек. Тиісінше бұл басқаларға да үлкен сабақ болуы керек.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button