Жаңалық

Ұлттық комиссия отырысының қорытындысы қандай?

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ағымдағы жылға арналған «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру турасындағы Ұлттық комиссия отырысының қорытындысы бойынша брифинг өтті.

Іс-шараға ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Абзал Мұхимов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Ғабидолла Оспанқұлов, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев және ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ұлықбек Есдәулет қатысты.

Ғабидолла Оспанқұлов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:

Бюджет қаражатының шығындарын қалай үнемдеу керектігі туралы, қандай қоғамда өмір сүргіміз келеді, біздің қоғамымыздың негізгі құндылықтары қандай болуы керек, өскелең ұрпақтың тәрбиесіндегі мәселе, осының барлығы да жүйеленген түрде биылғы жоспардың тармақтарына енді. Биылғы жылдың екінші ерекшелігі – біз өңірлерге көбірек басымдық береміз. Өңірлердегі жобалық кеңселеріміз арқылы биылғы жоспарымызды қалай жүзеге асыратынымыз келісілді. Үшінші ерекшелігі – үш бағыт: «тұлғалық даму», «ұлттық бірегейлікті сақтау және халықаралық деңгейде көрсету», «мемлекеттегі қоғамның дамуы».

Ұлықбек Есдәулет, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

Алдымызда Абай жылы болғаннан кейін біз Абайдың тілінде сөйлеуіміз керек. Абайдың тілі – мемлекеттік тіл. Біз сол мемлекеттік тілімізге баса көңіл аударуымыз қажет. Ол – әлеуметке көңіл аудару. Абайдың құндылығына жету үшін Абайдың тілін білу – барлығымыздың парызымыз.

«Рухани Жаңғыру» ҚҚДИ» КЕАҚ Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев институт 2019 жылы ғылыми-зерттеу бағытында талдамалық баяндамаларды таныстыру, табысты жобалар жинағын қалыптастыру, өңірлік жобалық кеңселер үшін оқыту семинары және дөңгелек үстелдер, диалог алаңдары, конференциялар жүргізгенін айтып өтті. Сондай-ақ жиында 2020 жылға арналып құрылған жоспарлар туралы да сөз қозғалып, ауқымды тақырыптар талқыланды. Кемелбек Ойшыбаевтың айтуынша, институт «Өзгерістердің саруарлары» жобасын жүзеге асыру аясында елшілер пулын дайындау, форсайттық зерттеулер және де бағдарламаны іске асыруда әдістемелік сүйемелдеу жоспарланған.

 

Басқа материалдар

Back to top button