Жаңалық

Starbucks Қытай компаниясын сотқа берді

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық». Starbucks Xing Ba Ke компаниясын не үшін сотқа берді, Starbucks Қытайда қай жылы тіркелді және онда оның қанша дүкені бар, Xing Ba Ke қандай мағынаны білдіреді? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын білгілеріңіз келсе, мақалаға көз жүгіртіңіз.

Starbucks-тың Қытайға қатысты жоспары көп. Қарқынды дамып келе жатқан мемлекет компанияның АҚШ-тан кейінгі екінші ірі нарығына айналатынына сенімді. Starbucks Қытайға 1999 жылы кірді, ал 2016 жылдың соңына қарай 1300-ден астам дүкен ашты. Негізі, Қытайда Батыстың танымал брендтеріне еліктеушілер қатары қалың. Мысалы, Starbucks Шанхайда өз форматына ұқсас, тіпті Starbucks-ты әлемде танымал еткен жасыл және ақ түстес дөңгелек логотипіне дейін көшіріп алған Xing Ba Ke Coffe shop атты бәсекелес компанияға тап болды. Шанхайлық компанияның атауы да Starbucks-тың қытай тіліндегі мәтініне ұқсас. Xing – «жұлдыз», ал Ba Ke – «бакс» дегенді білдіреді.

 

2003 жылы Қытай сотында Starbucks Xing Ba Ke компаниясын сауда маркасын бұзғаны үшін сотқа берді. Компанияның бас директоры логотип пен атаудың Starbucks логотипіне ұқсас болғаны кездейсоқтық екенін айтып, логотип пен атау өзіне тиесілі деп бой бермеді. Себебі Xing Ba Ke Шанхайда компания ретінде 1999 жылы тіркелген, бұл кезде Starbucks әлі қалаға кірмеген еді. Менеджер: «Ол кезде Starbucks туралы ештеңе білмейтінмін. Ендеше беймәлім бренд пен логотипті қайдан көшіремін?» – деп міз бақпады.

Десек те 2006 жылдың қаңтарында Шанхай соты Starbucks-тың шағымын қанағаттандырды, өйткені ол атау Қытайда 1998 жылы тіркелген екен. Сот Xing Ba Ke компаниясының Starbucks атауын және ұқсас логотипін пайдалануын «арамниеттілік» деп мәлімдеп, заңсыз бәсеке туындағанын растады. Сот Xing Ba Ke атауын пайдалануды тоқтатып, Starbucks-ке 62 000 доллар көлемінде өтемақы төлеу керектігі туралы шешім шығарды. Бұл оқиғада өтемақы қомақты болмаса да, көпке сабақ болды. Сауда маркаларының ұрлануы жиі тіркелетін елдерде соттың мұндай қадамдары зияткерлік меншік құқықтарын қорғау деңгейінің жақсарғанын көрсетуде. Әрине, бұл таңғаларлық жайт емес, өйткені соңғы кездері әлем елдері мен Дүниежүзілік сауда ұйымы Қытайды зияткерлік меншік құқықтарын құрметтеуге шақыруда.

Дереккөз: M. Dickie, «Starbucks Wins Case against Chinese Copycat», Financial Times, January 3, 2006 , p.1;Starbucks: Chinese Court Backs Company over Trademark Infringement, The Wall Street Journal, January 2, 2006, p.A11; «Starbucks Calls China Its Top Growth Focus», The Wall Street Journal, February 14, 2006, p.1.

«Халықаралық бизнес: Жаһандық нарықтағы бәсеке»

Хилл Чарльз, Халт Томас

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button