Жаңалық

#Abai175: Мектеп оқушылары арасында шығармашылық байқау өтті

Алматыда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай қала мектептері оқушыларының арасында «Абай әлемі» атты шығармашылық байқау өтті.

6 жастан 16 жасқа дейінгі аралықтағы 45 оқушы қатысқан бұл байқауда ақынның өлеңдері жатқа оқылып, мағынасына қарай суреттер салынған. Шығармашылық қабілет пен қиялды дамытуға бағытталған бұл шарада балалар Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейте алады дейді мамандар.

Байқауға қатысушы оқушылар Абай шығармашылығын жиналғандарға тереңінен жеткізу үшін ұлттық нақышта киім киіп, қазақтың киіз үйлері мен табиғатын әсем суреттеген. Әрбір оқушы ұлы ақынның өлеңдерімен танысып, оны бейнелеу арқылы қазақтың бүкіл болмысын сезіне алғандықтарын айтады.

Алматы қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Back to top button