Жаңалық

Алматының киелі жерлері 2gis-те

Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы аясында қазақстандық «Рухани жаңғыру» қоғамдық даму институты мен 2gis компаниясы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев пен «2 ГИС Алматы» ЖШС директоры Ефим Осипов өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Қол қою рәсімі 2020 жылғы 11 ақпанда Алматы қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінде өтті. «Алматы – Нұр-Сұлтаннан кейінгі екінші қала, ондағы киелі орындарды картографиялық қосымшаға енгізу туралы Меморандумға қол қойылды. Олардың ішінде Мәдени мұра ескерткіштері, тарихи орындар және алматылықтар үшін маңызды көрікті жерлер бар. Біздің міндетіміз – кез-келген қалаған турист, қала қонағы немесе жергілікті тұрғын осы нысандарды оңай тауып, аралап шығу үшін Қазақстан бойынша киелі орындарды қосымшаға енгізу», – деді ҚҚДИ «Рухани жаңғыру» КеАҚ Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев.

2GIS картасында Алматыда орналасқан жергілікті және республикалық маңызы бар 15 нысан пайда болады. Олардың ішінде «Боралдай қорымы» археологиялық саябағы, Райымбек батыр кесенесі, Ахмет Байтұрсыновтың мұражай-үйі, Свято-Вознесенский кафедралды соборы, бұрынғы Үкімет үйі (қазіргі ҚБТУ), 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш, Дінмұхамед Қонаевтың мұражай-үйі бар. Толық ақпарат пен фотосуреттер картографиялық қосымшада «Интересные места» қойындысында орналасқан.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасын іске асыру басталғаннан бері бүкіл ел бойынша 700-ге жуық мәдени, тарихи және табиғи нысан анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың қараша айында ҚҚДИ «Рухани жаңғыру» КеАҚ 2gis компаниясының Нұр-Султандағы өкілдігімен Меморандумға қол қойды. Жақын арада Шымкентте 2gis карталарымен ынтымақтастық орнату жоспарлануда.

ҚҚДИ – қазақстандық қоғамдық даму институты. «Рухани жаңғыру» бағдарламаны іске асырудың барлық қатысушыларының тиімді қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету үшін құрылды. Бағдарламаның арнайы жобасына кіретін «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Латын әліпбиіне көшу», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «100 жаңа оқулық», «100 жаңа есім»

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button