Жаңалық

Қазақ неліктен өз баласын сатып алған?

Бала асырап алуға қатысты дәстүрлердің санында шектеу жоқ. Соның бірі – сатып алу немесе есік ауыстыру. Сатып алудың балаға қандай қатысы бар? Не үшін есік ауыстыру деп аталады? Бұл тақырып кімді болмасын қызықтырары сөзсіз.

Сатып алу қандай ғұрып?

Кейде отбасында бала тоқтамайтын, тұрмайтын кездер болады. Сәби туыла салып дүниеден озады немесе әйел жүктілік уақытында түсіріп алады. Сондайда ауылдың балгер кемпірі әлгі үйге барып: «Баламды ұрлап алыпсыңдар, өзіме қайтарыңдар. Алып кетемін», – деп нәрестені әкетеді. Ол ата-анасының қарсылығына да қарамайды. Арада екі-үш күн өткен соң үй иелері жаңағы бақсыға барып, баласын сатып алады. Кемпір шақалақты керегенің астынан алып береді. Содан кейін ол сәби сатып алынған бала болып есептеледі.

Неліктен бұл рәсімнің екінші атауы «есік ауыстыру» деп аталады?

Адамдар өмірге басымен келіп, аяғымен кетеді. Өлген адамды жерлейтін сәтте аяғын есік жаққа қаратып, шығарады. Балаға бұның не қатысы бар дейсіз ғой?.. Нәрестенің әке-шешесі құшынаш кемпірге барып, баласын сатып аларда сәбидің басын жантайтып бірінші шығарады. Мұнда үлкен мән, жақсылыққа жорыған үміт оты мен сенім бар. Бұл бала өмір сүруге құштарлы болсын, алға жүрсін дегенді білдіреді. Міне, осы себепті ырымның тағы бір атауы – «есік ауыстыру».

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button