Жаңалық

«Қазақстанның 100 жаңа есімі»: Малика Мұхтарова

Малика Мұхтарова – арбада отырып билеуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

7 жасында Малика мүмкіндігі шектеулі жандардың «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігінің құраына кірді. Ол мүгедектер арбасындағы билермен шұғылдана бастады, бұл ұлттық жарыстарда жаңа жетістіктер мен жеңістер әкелді. 2015 жылы Мұхтарова Малика спорт және бал билері бойынша Қостанай облысының бес дүркін чемпионы атанды. 2016 жылдан бастап Малика – халықаралық жарыстардың қатысушысы атанып, Санкт-Петербургке, Әлем кубогына, құрлықтар кубогына барып, онда тек жүлделі орындарға ие болды. Малика Мұхтарованың спорттық жетістіктері, оның табандылығы, қажырлы дайындығы және жеңіске деген ұмтылысы Азия чемпионатында екі алтын алуына сеп болды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Қорының лауреаты. Абсолютті Қазақстан чемпионы, әлемнің қола чемпионы, мүгедектер арбасындағы спорттық би Франкфурт кубогының 4 алтын кубог иегері.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button