Жаңалық

Қазақтың әйгілі кескіндемешісі (инфографика)

Әбілхан Қастеев (1904 —1973 жж.) – қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері – Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері –Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945–1956). Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастаған. Мәскеудегі көркемсурет студияларында Н.Г. Хлудов пен И. Бродскийден сабақ алды (1929–1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген, мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button