Жаңалық

Абай мен әл-Фараби Швейцарияда

Швейцарияда қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына және түркі философы Əбу Насыр əл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған мерейтойлық пошта маркалары шығарылды.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, пошта маркаларын шығару бастамасын Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігі көтерген. Дипломатиялық өкілдік маркаларды күнделікті іскерлік хат алмасуда қолданатын болады. Сондай-ақ оларды Швейцария бойынша тарату жөнінде келіссөздер жүргізілуде.

Айта кетсек, аталмыш елде халықаралық филателиялық көрмелер бірнеше рет өткен болатын. Бұл мемлекеттің поштасы мен пошта маркалары елдің басты брендтері саналады. SwissPost маркалары коллекционерлер мен туристер арасында өте танымал. Ал бұл компанияның хат айналымы жылына 2 млрд хатқа дейін жетеді.

Алматы қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button