Жаңалық

«Мәртебелі поэзия мінбері». Баян Тленшина

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Мәртебелі поэзия мінбері» апталық бағдарламасы аясында ақын, жазушы, Сайрам ауданының құрметті азаматы Тіленшина Баян Керімқызының шығармашылығына арналған кеш өтті.

Жыр кешін ақын, журналист Нармахан Бегалы жүргізді. Ол кеш кейіпкері жайында толғана сөйледі. Ал «Отырар» кітапханасының директоры Анар Жаппарқұлова поэзияда да, прозада да қолтаңбасы бар Баян ақынға басқарма басшысының ізгі тілегін жеткізді.

Поэзиялық кеш әдеттегідей Ұлы Абай жырларын оқудан бастау алды.
Саттар Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицейінің оқушылары Абай жырларын оқыса, әнші Нұржан Жүсіпбеков Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындады.

Мінбер төрінен орын алған ақын Баян Тіленшинаның жырларын ОҚМУ студенттері мәнерлеп оқып, тыңдармандар ықыласына бөленді. Жасы жетпіске жеткен лирик ақын Баян Керімқызы кездесуде сөз алып, өмірбаянымен, өлең, прозалық шығармаларының шығу тарихымен таныстырды, сұрақтарға жауап берді.

Соңынан Сайрам ауданы мәдениет үйінің әншісі Гүлзат Барысқызы ақынның сөзіне жазылған «Бақытты бол» әнін орындап, кеш шырайын аша түсті.

Шымкент қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button