Жаңалық

11 ескерткішті кім орнатты?

Ақтөбеде халық батырларын ұлықтау, жадымызда жаңғырту азаматтық қозғалысқа айналады. Кәсіпкер патриоттар өз қаржыларына халық батырларының ескерткіштерін орнатуда.

Жастарды батырлар рухында тәрбиелеу маңызды! Батырлар жырларын оқу, жаттау, жырды домбырамен орындау, батырларға кесенелер, ескерткіштер орнату патриоттық сезімді орнықтыруда ерекше орын алады.

«Бабам батыр болды дегенше, ұлым батыр болсын» деген ұлағатты сөзді басшылыққа алып, патриоттық істер тындыруда.

Ақтөбе облысында «Рухани жаңғыру» жылдарында жаңа патриоттық бастамалар орын алып, жүзеге асырылуда. Кәсіпкерлер өз жеке кәсібін дамытуымен қоса, қоғамға қажет нәрсені біліп, оны жүзеге асыруға белсене қатысуда.

Соңғы 3 жылда Ақтөбе қаласы мен аудан орталықтарында бірнеше халық батырларына ескерткіштер қойылды. Ақтөбе қаласында мемлекет қайраткері, батыр-қолбасшы Жалаңтөске, қолбасшы, батыр, мәмілегер-қайраткер Бөкенбай батырға, ер Едіге батырға, Тілеу батырға, Алға ауданының Бестамақ ауылында Есет батыр Көкіұлына, Қандыағашта аты аңызға айналған Алпамыс батырға, Қобдада қара қыпшақ Қобыланды батырға, арыстандай ақырып теңдік сұраған Исатай батырға, Шалқар ауданының Қайдауыл станциясында «Қазан жүрек» Қайдауыл батырға, Қарғалы ауданының «Қосестек» ауылында қалмақтан елін қорғаған Сәрке батырға, Ембіде Бұжыр батырдың ескерткіштері кәсіпкерлер қаржысына орнатылып, жастардың мақтаныш сезімін, патриоттық, отан сүйгіштік рухын өрлетуде. Елді мекендердің сәнін, мәнін келтіруде, жергілікті жұртшылықты риза етуде.

Осындай, кәсіпкерлердің патриоттық бастамалары әліде жалғасады. Биыл Ақтөбеде Есет батыр Көкіұлының, композитор Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіштері кәсіпкерлер қаржыларына ашылуға дайындалуда. Кәсіпкерлердің батырларға, ақындарға, Ақтөбенің атақты адамдарына ескерткіштер орнатамыз деген ұсыныстары облыс, қала, аудан әкімдіктеріне үздіксіз түсуде, және қолдау көрсетілуде.

Ақтөбе облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button