Жаңалық

Эстрада жұлдыздары экскурсия жүргізеді

2020 жылғы 21 ақпан күні сағат 14.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Әлемдік экскурсия жүргізушілер күніне арналған «Жұлдызды гид» жобасы ұйымдастырылады.

Жобаның мақсаты – Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын және музей экспозициясын кеңінен насихаттау әрі таныстыру болып табылады.

Бағдарлама барысында сағат 14.30-дан 17.00-ге дейін музей қонақтары келесі танымал өнер жұлдыздарынан экскурсия тыңдай алады: Бағдат Сәмединова, Мөлдір Әуелбекова, Жасұлан Жүрсінұлы, Майра Төлепберген, Жұмаділов Данияр.

Музей келушілері өз кумирлерін жаңа қырынан, экскурсия жүргізушісі ретінде танып, музей экспозициясына өнер майталмандарының көзімен қарай алады. Бағдарламаның қорытындысы жобаға қатысушы әртістердің концерттік шарасымен аяқталады.

QR Ulttyq mýzeıi Baspasóz bólimi

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button