Жаңалық

Мұражайда мың аспап бар

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайы екі жаңа залмен толықты.

«Азия мен Еуропа халықтарының музыкалық аспаптары» қосымша залдары келушілердің санын арттырып, музейдің туристік ортаға айналуына жол ашпақ.

Қазіргі таңда мұражай қорында 1000-нан астам музыкалық аспап сақталған. Келушілерге экспонаттар жайында толық мағлұмат беру үшін мәдениет ошағы заманауи ақпараттық және бейне құрылғылармен жабдықталған.

Сондай-ақ Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында қорда сақталған аспаптардың дыбысын қайта жаңғырту үшін «Жәдігер» атты музыкалық антология жарыққа шықты. Антология авторлары, дәстүрлі өнер майталмандары музейде сақталған ірі тұлғалардың домбырасымен олардың белгілі бір шығармасын орындап, дыбыстарын қайта жазып шыққан.

Алматы қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Back to top button