Жаңалық

Ұмыт болған тағамдарды білесіз бе?

Ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдар жайлы дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелде Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі және Оңтүстік-Урал мемлекеттік университеті (Ресей) арасында меморандумға қол қойылды. Екі ұйым алдағы уақытта студенттерге арналған ортақ жобаларды бірге жүзеге асыратын болады.

Шара қазақтың ұмыт қалған ұлттық тағамдарын қайтадан жаңғырту мен ұлттық тағамдарды дайындау технологиясын заманауи әдіс-тәсілдер шеңберінде қолдану жолдарын оқу бағдарламаларына енгізу мақсатында өткізілді.

Дөңгелек стол жұмысында Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі директорының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты Сапарбекова Гүлнар, өнертанушы, Қазақ ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы Қарғабекова Раушан, «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандығы бойынша PhD докторы Сейтова Раушан сынды осы саланың мамандары ұлттық тағамдар туралы зерттеулерімен, тәжірибелерінің нәтижелерімен бөлісті.

Басқосуда мамандар қазақтың ұмыт болған тағамдарының бірқатарын атап, оларды қайта жаңғыртудың қажеттілігіне тоқталды. Тек табақ тарту дәстүріміздің өзінде үлкен ғылымилық жатқанын айтып, бұл күнде кежім табақ, төре табақ, бас табақ, аяқ табақ, қос табақ, сый табақ сынды табақ тарту дәстүріміздің кейбір түрлері ұмытылып бара жатқанын жеткізді.

Сонымен қатар ұлттық тағамдарды зерттеушілер мен этнографтардың еңбектерін (оқулықтарын) арнайы мамандарды дайындайтын техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының оқу бағдарламасына енгізу арқылы ұлттық білім беру орталықтарын құру ұсынысын таныстырды.

Нұр-Сұлтан қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button