Жаңалық

Әл-Фарабидің раритетті еңбектерін көрсетті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Әл-Фарабидің 1150 жылдығы және Абайдың 175 жылдығына арналған «Әл-Фараби – Абай: рухани сабақтастық мәселесі» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға фарабитанушы-ғалымдар, абайтанушылар, ғылыми қызметкерлер, докторанттар мен магистранттар, қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелді ашқан Әл-Фараби орталығының директоры Бекжан Мейрбаев шараның негізгі мақсаты қазақ даласының екі ғұлама перзенті, Әл-Фараби мұрасы мен Абай Құнанбаевтың шығармашылығы арасындағы сабақтастықты кеңейту екенін атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында Әл-Фараби еңбектері мен Абай шығармашылығын зерттеудің ғылыми, әдістемелік және практикалық мәселелері, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі фарабитану және абайтанудың мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, шараға жиналған қатысушылар Әл-Фараби музейінің экспозициясын аралап, кітапхананың сирек қорына енгізілген ғалымның раритетті, құнды еңбектерімен танысты. Сонымен қатар, олар Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының кітаптар мен қолжазбалар көрмесіне барды.

Алматы қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button