Жаңалық

Еш жерде жарияланбаған 130 сурет жарыққа шықты

Ә. Қастеев өнер музейінде «Таң-шолпан» халықаралық тәуелсіз әйел суретшілер қорының көрмесі өтті.

Көрмеде қылқалам шеберлерінің  түрлі жанрдағы 130-дан астам туындылары қойылды. Суретшілердің бояумен ғана емес, тері, киіз паннолары мен өзге де қолөнерлері келушілерге жол тартты. Алматылықтар мен қала қонақтары түрлі бейнелеу өнерінің бір арнада тоғысқан алаңында жолықты. Аталмыш іс-шараға отандастарымыздан бөлек, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Австралия, Германия, Канада және АҚШ елдерінің де кәсіби суретшілерінің жұмыстары қойылды. Туындыларда авторлардың жүрек жылуы мен өнерге деген махаббаты, адам мен табиғат арасындағы байланыс, өмірдің өзекті мәселелері көркем бейнеленеді. Көрменің ерекшелігі – авторлардың барлығы нәзік жандылар. Мақсаты – аяулы аруларды қоғамдық өмірге етене араластыру.

Көрмеге қойылған туындылардың барлығы осыған дейін еш жерде көрсетілмеген. Сонымен қатар әрбір суретші көркемөнер мәнерлерін, инновациялық әдістерін, креативті ой-тұжырымын түсінікті тілде паш етті. Шараға арнайы келген меймандар суреттерді тапжылмай тамашалап тамсанып қайтты. Ұлы өнерде шектеу де, шекара да жоқ. Көрмеге қойылған еңбектер дәйектілігімен, боямасыз табиғилығымен құнды. Нәзік жандылар бейнеленген картиналардан ішкі жылылықты, терең лирикалық құрылымды сезінуге болады.

Алматы қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button