Жаңалық

Алыстан сермеп, жүректен тербеп...

Абай атындағы ҚазҰПУ-да Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай «Алыстан сермеп, жүректен тербеп…» тақырыбында әдеби-сазды кеш өтті.

Әдеби-сазды кеш бірінші проректор Мақтағали Бектемесовтің адамзаттың ақылманы Абайдың шығармашылығына арналған алғы сөзімен ашылды. Ұстаздар қауымы ақынның «Желсіз түнде жарық ай» әніне айтылған хорға доцент Светлана Балагазова дирижерлік етті. Студенттер ақын өмірінен бір үзік сырды сахналаса, ұлттық аспаптарымыз қылқобыз, жетігенмен орындалған күйлер кеш сәнін асқақтата түсті. Кафедра оқытушыларының ақын өлеңдерін жеті тілде жеткізген «Абай әлем тілінде» видеоролигі де қатысушыларға ерекше әсер берді. «Ұлы дала қыздары» этно-эстрадалық топтың орындауындағы «Ел-жер-ана» әнінен кейін студенттер Абайдың «Көзімнің қарасы» әнімен кеш шымылдығын жапты. Қазақ халқына ғана емес, күллі әлемге аты шыққан Абай атамызға арналған әдеби кеш мазмұнды, мағыналы әрі мәнді өтті.

Алматы қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button